Accessibility links

Волгоград түбінде дрон шабуылынан кейін әскери аэродром өртенді


Ресейдің Волгоград облысында түнгі дрон шабуылы салдарынан Мариновка әскери аэродромы өртенді. Мұны жергілікті билік және жергілікті тұрғындардың хабарламасынан және NASA-ның өрт картасынан да байқауға болады.

Аймақ губернаторы Андрей Бочаровтың айтуынша, Мариновкаға жасалған шабуылға тойтарыс берілген, дрондардың басым бөлігі жойылған.

"Дрон құлағаннан кейін қорғаныс министрлігінің нысанынан өрт шықты" деді Бочаров. Өрт өшіріліп жатыр, ешкім зардап шекпеген.

Жергілікті тұрғындар оқиға орнынан фото-видео жариялап жатыр. Әскери қалашықтан тұрғындар эвакуацияланған.

NASA-ның өрт картасына қарағанда, 22 тамызға қараған түні Мариновка аэродромында бірнеше өрт болған. 19 тамыз күнгі спутниктен түсірілген суреттерде 30 шақты әскери ұшақ пен сегіз жүк көлігі тұрғаны көрінеді, бұл Ресейдің Украинаны соққылау үшін пайдаланып жүрген Shahed дрондары болуы мүмкін. Wikimapia мәліметінше, дрондар аэродром аумағындағы қойманы да соққылаған болуы мүмкін.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі түнде Волгоград облысында 13 дрон атып түсірілгенін хабарлады. Тағы жеті дрон - Ростов облысында, төрт дрон – Белгород облысында, екеуі – Воронеж облысында және Брянск пен Курск облыстарында бір-бірден дрон жойылған.

Аймақ басшыларының сөзінше, ешкім зардап шекпеген. Белгород облысында екі жеке үй мен автомобиль бүлінген. Ресей шабуылға Украинаны кінәлады.

  • Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейдің шекаралас аймақтары тұрақты түрде дрон шабуылына ұшырап келеді. Ресей қорғаныс минисрлігі украиналықтар шабуылының "жолын кескенін" және дрон-ракеталарды атып түсіргені жөнінде баяндап жатыр. Қираған ғимараттар мен қаза болғандар бар. Киев көп жағдайда ақпаратқа түсініктеме бермейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG