Accessibility links

Азаматтық белсенді Асанәлі Сүйеубаевтың ісін алқабилер қарайды


Асанәлі Сүйеубаев сот залында. 21 тамыз 2024 жыл. Скриншот.
Асанәлі Сүйеубаев сот залында. 21 тамыз 2024 жыл. Скриншот.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «есірткіні заңсыз сақтау, тарату» бабымен күдікке ілініп, қамауға алынған ақтөбелік азаматтық белсенді Асанәлі Сүйеубаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.

Сәрсенбі күні қылмыстық іс бойынша негізгі отырыс 3 қыркүйекке сағат 10-ға белгіленді және істі Сүйеубаевтың өтініші бойынша алқабилер қарайтын болды.

Сүйеубаевтың адвокаты Мейіржан Досқараевтың айтуынша, алдын ала сот тыңдауында қорғау тарабы сегіз және Сүйеубаевтың қоғамдық қорғаушысы ретінде іске қатысқан Құралай Мәнжекова алты өтініш жасаған.

- Бұл іс қолдан ұйымдастырылған деп санаймыз. Өйткені, Сүйеубаевқа куәлік еткен адамның тұлғасы анық. Ол алдын ала Сүйеубаевтың сеніміне кіріп, онымен жатақханада үш-төрт күн тұрып, оның картасын пайдаланып ақша аударып, кейін тергеуде «осы ақшаға есірткі сатты» деген. Сот оны назарға алып, істі қайта тергеуге жібермеді. Ал Сүйеубаев 2012 жылдан бері психдиспансерде есепте тұр. Оның осы тұсын пайдаланды, - дейді Досқараев.

Асанәлі Сүйеубаевты биыл 16 мамырда Астана полициясы «Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясының жеткшісі марқұм Жасарал Қуанышәлиннің жылдық асына келгенде ұстаған. Сол күні онымен бірге құқық қорғаушы Айдар Сыздықов та есірткі бабымен қамауға алынған. Сыздықовқа қатысты тергу әлі аяқталған жоқ.

Екі белсенді «есірткі сатты» деп ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00

Қазақстандағы саяси қудалаулар туралы жазатын Tirek.info сайтының мәліметінше, Асанәлі Сүйеубаев бұрын билікті сынағаны үшін қысымға ұшыраған. Бірнеше жыл бұрын ол мәжбүрлі түрде психиатриялық клиникаға жатқызылып, құқық қорғаушылар араласқаннан кейін ғана босатылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG