Ақ үй қауіпсіздік мәселесіне байланысты Украинаға F-16 жойғыш ұшақтарын жөндейтін америкалық мамандар мен өзге де әскери техниктерді жіберуден бас тартты. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген Wall Street Journal басылымы жазды.
Ақпаратқа қарағанда, АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі америкалық техник мамандарды Украинаға жіберу туралы ұсынысты қараған, алайда барлау қауымдастығы бұл тым қауіпті деп ескерткен. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, Ресей "Украинадағы америкалық мердігерлерді нысанаға алуы" мүмкін, бұл жағдайды ушықтырып жіберуі ықтимал.
WSJ дереккөздерінің айтуынша, F-16 ұшақтарын жөндеуге Еуропа елдерінің мамандары көмектесуі мүмкін.
Маусым соңында Украина уәде етілген F-16 ұшағының 80 данасының алтауын алған. WSJ жазуынша, F-16 жойғыш ұшақтарын техниктерсіз жұмыс істету қиын.