Accessibility links

Әлиев: Әзербайжан Ресейге қарсы санкцияларды қолдамайды


Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Илхам Әлиев.
Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Илхам Әлиев.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев 6 қыркүйекте Италияда өткен халықаралық форумда Баку Ресейге салынған санкцияларды қолдамайтынын айтты.

"Ресеймен де, Украинамен де қарым-қатынасымыз жақсы. Біз Украинаның да, басқа елдердің де аумақтық тұтастығын, егемендігін қолдаймыз. Бірақ Ресейге қарсы санкция салу науқанына қосылмаймыз" деді Әлиев.

Әлиев "Әзербайжан Ресей мен Украина арасындағы конфликтіні шешуге арағайын болуға әзір" деді. Оның сөзінше, үш ел де 70 жыл бойы КСРО құрамында болған. "Сондықтан Баку саяси деңгейдегі және жеке сөйлесу сияқты жан-жақты байланыс орнатуды қолдайды" деді ол.

Өткен айда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан Ресейге салынған Батыс санкциялары "көзсіз мойынсұнбайды" деп мәлімдеген. Bloomberg мұны Қазақстан риторикасындағы "күрт өзгеріс" деп еді. Басылымның жазуынша, Қазақстан 2022 жылы Кремльдің Украинаға басып кіруіне байланысты АҚШ бастаған елдердің санкция шарасына қарсы болғанымен, Жұманғарин сияқты жоғары лауазымды шенеуніктер бұған дейін жария түрде шектеулерге қарсы шыққан емес.

Жұманғариннің сөзінше, Ресейдің кейбір тауарға қол жеткізуіне салынған тыйым Қазақстанға қатты зиян тигізген. Вице-премьер бұған мысал ретінде 40 пайызы Қазақстан үкіметіне тиесілі Eurasian Resources Group алпауыт тобын келтірді. Санкциялардан кейін алпауыт топ Ресейге темір кенді шекемтастарды сата алмай қалып, үлкен шығынға батты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG