Accessibility links

Полтавада зымыран шабуылынан қаза тапқандар саны 58 адамға жетті


Украинаның Полтава қаласындағы әскери институт ғимаратына түскен ресейлік зымыраннан қаза тапқандар саны 58 адамға жеткен. Бұл туралы аймақтың әскери әкімшілігінің басшысы Филипп Пронин хабарлады.

Мұның алдында 55 адам мерт болып, 330-ға жуық адам зардап шекті деген ақпарат тараған. Прониннің айтуынша, тағы үш адам ауруханада жан тәсілім еткен.

Ресей әскері 3 қыркүйекте Полтаваға әуе шабуылын жасады. Полтава облысында үш күн аза тұту жарияланды. Жергілікті парақшаларда жұртты жаралыларға қан тапсыруға шақырған үндеу көбейді. Бұл жыл басынан бергі ең ауыр соққы болды.

"Настоящее Время" телеарнасының мәліметінше, бұған дейінгі ең көп өлім 2023 жылы қазанда болған. Ресей Украинаның Харьков облысы Гроза ауылындағы кафеге шабуылдапғ, 59 адам қаза тапқан.

Украина президенті Владимир Зеленский 3 қыркүйекте Полтаваға екі баллистикалық зымыран түсті деген болатын. Төтенше жағдайлар қызметі алты қабатты оқу орны ғимараты қирады, көпқабатты үш үйге, бес жер үйге және кеңсе ғимаратына зақым келді деп хабарлады. Украина қорғаныс министрлігі аз уақыттан соң жасалды, "адамдар әуе шабуылы кезінде паналайтын орынға бара жатқанда болды" деді.

Зымыран түскен жерде құтқару жұмыстары 5 қыркүйекте аяқталды. Оған 200-ден астам құтқарушы қатысқан.

Ресей қорғаныс министрлігі Полтаваға шабуыл жасалғанын хабарлағанда онда Украина қарулы күштерінің оқу орталығында "шетелдік нұсқаушылар жетекшілігімен" байланыс және радиоэлектронды күрес мамандарын, тағы дрон операторларын дайындаған деді.

"Жанып кеткен". 55 украин сарбазы қаза тапқан Полтавадан репортаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG