Accessibility links

Украинаның Конотоп қаласында Ресей шабуылынан ондаған адам зардап шекті


Украинаның Сумы облысындағы Конотоп қаласына жасалған шабуылдан бүлінген үй. 12 қыркүйек, 2024 жыл.
Украинаның Сумы облысындағы Конотоп қаласына жасалған шабуылдан бүлінген үй. 12 қыркүйек, 2024 жыл.

12 қыркүйекке қараған түні Ресей армиясы Украинаның Сумы облысындағы Конотоп қаласына әуеден шабуыл жасады. Екі тұрғын жараланып, Конотоп жарықсыз қалғанын қала мэрі Артем Семенихин хабарлады.

Сумы әскери әкімшілігі Ресей Конотоп қаласын "Шахед" типті дрондармен шабуылдады деп мәлімдеді. Олар энергетика нысандарына, үйлерге, оқу орындары мен ауруханаларға түскен. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, шабуылдан 13 адам зардап шеккен.

Жараланғандардың бірі комаға түскен. "Ол кісі адамдарды құтқаруға барған еді, – деді қала мэрі Семенихин. – Зардап шеккендерден өтініш түсіп жатыр".

Конотоп мэрі қаланың энергетика инфрақұрылымы қатты бүлінгенін айтты. Таңертең мамандар ауруханаға және су арнасына жарық беруге тырысқан. Үйлерде жарық қашан болатыны әзірге белгісіз деп мәлімдеді Семенихин.

Конотоп мэрі қалада трамвай жолдары, көптеген мектеп мен балабақшаға зақым келді деді: олардың терезесі мен есіктері бүлінген.

Ресей қорғаныс министрлігі Конотоп қаласына шабуыл туралы пікір білдірмеді, бірақ министрлік Сумы облысында "жеке құрам мен әскери техника шоғырланған аймақтарға" шабуыл жасалғанын күнде хабарлап келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG