Accessibility links

"Тәтішевті өлтірді" деп айыпталған Тоқмәдиді шартты түрде босату туралы қаулының күші жойылды


Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди сотта.
Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди сотта.

Алматы облысының соты "банкир Ержан Тәтішевтің өліміне кінәлі" деп сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулының күшін жойды. Бұл туралы "Власть" сайты хабарлады.

"Алматы облысы Қонаев қаласы сотының 26 шілдеде Мұратхан Тоқмәдиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қабылдаған қаулының күші жойылсын", – деді судья.

Биыл шілдеде Қонаев соты кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің түрмеден ерте босап шығу туралы өтінішін қабылдаған еді. Осыдан соң Тәтішевтер отбасы бұған наразы болып, шағым түсірген. 12 қыркүйекте Тәтішевтер отбасының шағымы бойынша тыңдау аяқталды.

Тәтішевті өлтірген Тоқмәди босап шықпақ. Марқұмның туыстары бұған қарсы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:23 0:00

БТА банктің басшысы Ержан Тәтішев 2004 жылы аңшылықта жүргенде оқ тиіп қаза болған. Сол кезде мұны сот "жазатайым оқиға" деп танып, бірақ банкирдің жанында бірге болған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді бір жылға соттаған. Бірақ 2017 жылы іс қайта қаралып, Мұратхан Тоқмәди "Тәтішевті "ТұранӘлем" банкін иеленуді көздеген Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен өлтірдім" деген. Сот Тоқмәдиді 2018 жылы он жарым жылға соттаған.

Ал Әблязовті "банк активтерін иемденгені үшін" сырттай өмірлік түрме жазасына кескен. Бұрынғы банкир, оппозиционер Мұхтар Әблязов әлеуметтік желілерде Тәтішев өліміне қатысы жоғын, Тоқмәдимен таныс емес екенін мәлімдеген.

2022 жылы Тоқмәди Тәтішевтің өліміне Әблязовтың қатысы жоғын мәлімдеп, істі қайта қарауды, өзін ақтап, босатуды сұраған. Жезқазған түрмесінен президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап жазған хатында Тоқмәди тергеуде азапталып, тағылған айыпты мойындауға мәжбүр болғанын айтқан.

Сол жылы Ұлытау облысы сотында кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің шартты жазамен мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралып, судья оның алдындағы Жезқазған қалалық сотының Тоқмәдиді мерзімінен бұрын шартты жазамен босатуға негіз жоқ деген қаулысын өзгертпеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG