Accessibility links

Ресей Курск облысында 10 елді мекенді қайтарғанын айтады


Курск облысы.
Курск облысы.

Ресей қорғаныс министрлігі 12 қыркүйектегі мәлімдемесінде Курск облысына қарымта шабуыл басталғанын айтты. Ведомство "екі күннің ішінде Курск облысында он елді мекен қайтарылғанын", оның ішінде Снагость ауылы да барын мәлімдеді.

Ресейдің Курск облысында қарымта шабуыл бастағанын америкалық Соғысты зерттеу институты да жазған еді. Ресейдің бұл қадамы 10 қыркүйекте басталған, бірақ Украина бақылауындағы Суджа қаласына әлі жете қоймады.

Украина президенті Владимир Зеленский 12 қыркүйекте Киевте Литва президенті Гитанас Науседамен кездесуден соң Ресейдің Курск облысында қарымта шабуыл бастағанын растады. "Барлығы біздің жоспар бойынша жүріп жатыр" деп қысқа қайырды.

Ресей әскерін қолдайтын телеграм-каналдар Украина Курск облысымен шекарадағы басқа бөлікке шабуыл жасауға тырысқанын жазды.

Украина 6 тамызда Ресейдің Курск облысына шабуыл бастап, жүзге жуық елді мекенді басып алғанын айтқан. Бұл шабуылдан соң Ресей билігі облыстан 130 мың адам эвакуацияланған. Бұған қоса, Украина Курск облысында Сейм өзенінен өтетін бірнеше көпірді қиратқан еді. Киев Курск облысындағы елді мекендерді оккупацияламайтынын айтқан. Зеленский Курск операциясы Ресейді келіссөзге итермелеудің бір бөлігі деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG