Accessibility links

Ақтауда сот мемлекеттік мекемені пандустан құлаған мүгедек азаматқа 1,5 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

13 қыркүйекте Ақтау қаласының соты арбамен пандустан құлаған азаматтың арызын қарап, Маңғыстау облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментін оған өтемақы төлеп беруге міндеттеді. Бұл туралы Маңғыстау облыстың соты хабарлады. Мемлекеттік мекеме мүгедек азаматқа 500 мың теңге материалдық шығын, 1 млн теңге моральдық залал төлеуге міндетті.

Сот дерегіне қарағанда, мүгедек азамат биыл қаңтарда Маңғыстау облысындағы еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне қарасты ғимаратқа биік пандуспен көтеріліп бара жатып құлап түскен.

Сот-медициналық сараптама азамат "орта дәрежедегі дене жарақатын алды" деп тапқан. Бұдан соң Ақтау тұрғыны департамент үстінен шағым түсіріп, дәрі-дәрмек шығыны пен моралдық залалды өндіріп беруді сұраған.

Сот мемлекеттің мекеменің пандусын тексеріп, оны "ғимараттарды халықтың қимылы шектеулі топтарына қолжетімді етіп жобалау" ережесіне сай емес деп тапқан. Пандустың екінші сатысының көлбеуі жоғары және кіре беріс алаңы тар екені айтылады. Сот мемлекеттік мекемеге пандусты ережеге сай етіп жөндеу туралы нұсқау да берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG