Accessibility links

Ресей Украинаны 14 дрон және бірнеше ракетамен атқылаған. Одессада екі адам қаза тапты


Украина қарулы күштері 15 қыркүйекке қараған түні Ресей елді екі "Искандер-M" баллистикалық ракетасымен және бір Х-59 басқарылатын авиациялық ракетасымен атқылағанын мәлімдеді. Бұған қоса, Ресей Украинаға 14 дронмен шабуылдаған.

Украина әскері Х-59 және он дронды атып түсіргенін мәлімдеді. Хабарламада "Искандер-М" ракетасы аннексияланған Қырым аумағынан Одесса облысына жіберілгені айтылды.

Одесса облысының әскери әкімшілігінің басшысы Олег Кипер Одесса маңындағы елді мекенде ерлі-зайыпты қаза тапқанын, бір адам жараланғанын хабарлады. Оның сөзінше, тұрғын үйлер мен шаруашылық орындары бүлінген.

Украина әскері Днепропетровск, Сум, Полтова, Николаев облыстарында ракетаға қарсы жүйе іске қосылғаны хабарлады. Днепропетровск облысының әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак Никополь қаласында 37 жастағы және 75 жастағы екі адам жараланғанын, тұрғын үй өртенгенін айтты.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі 14 қыркүйекке қараған түні елде 29 дронды атып түсірдік деп мәлімдеді. Ведомство 15 дрон Брянск облысы, бес дрон Курск облысы, төрт дрон Смоленск, екі дрон Орлов, Белгород, Калуж, Ростов облысында бір-бір дрон құлатылғанын айтады.

Түні бойы Белгород облысы Шебекин ауданындағы орманда шыққан өртті сөндірген. Бұл өрт дрон құлағаннан тұтануы мүмкін. Жергілікті билік зардап шеккендер жоқ дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG