Accessibility links

Жогорку кеңеш спикері: Қырғызстанда уағызға, әйелдер орамалына тыйым салынбайды


Қырғызстанда жогорку кеңеш спикері Нұрланбек Шәкиев парламенттің 18 қыркүйектегі отырысында "Діни ұйымдар мен дін еркіндігі туралы" заң жобасына қатысты пікір айтты. Спикердің мәлімдеуінше, мемлекет дін ісіне араласпайды.

Шәкиевтің айтуынша, заң жобасын дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия дайындаған. Оған дін саласындағы ғалымдар да қатысқан. Парламент кейінірік осы құжатты талқылайды.

"Заң жобасы әйелдерге орамал тағуға рұқсат етпейді, уағызға тыйым салынады деген сыбыстар қазірдің өзінде айтылып жүр. Орамалға тыйым салынбайды. Біздің дәстүрімізде, дінімізде әйелдер, аналарымыз бен әпкелеріміз орамал таққан. Оның үстіне, уағыздардың арқасында қоғамда маскүнемдік пен нашақорлық азайды. Заң жобасы осы үрдістерді бір тәртіпке келтіруді көздейді" дейді спикер.

Осының алдында президент Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов азаматтарға қоғамды арандататын мәлімет таратуға болмайтынын ескерткен.

Қырғызстан дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия "Діни ұйымдар мен дін еркіндігі туралы" заң жобасын дайындап жатқанын тамыздың аяғында жариялаған. Құжат азаматтардың мемлекеттік органдарда және қоғамдық орындарда жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім киіп жүруіне тыйым салуды қарастырады.

Заң жобасына қолданушылар әлеуметтік желілерде талқылады. Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы заң жобасы хидбаж немесе орамал тағуға тыйым салады деген мәліметті жоққа шығарды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG