Accessibility links

Жамбыл облысында тау опырылып, "Алтыналмас" компаниясының жұмысшысы үйінді астында қалған


Жамбыл облысының картасы.
Жамбыл облысының картасы.

Жамбыл облысының тау-кен байыту кешенінде алтын өндіретін "Алтыналмас АК" компаниясында 18 қыркүйекте төтенше оқиға болды. Онда тау-кен массасы опырылып түскен. Топырақ астында болжам бойынша бір жұмысшы қалған.

Оқиғаны "өндірістегі қайғылы жағдай" деп атаған компания ақпаратты 19 қыркүйекте таратты. Оқиға орнында құтқарушылар отряды істеп жатыр, іздеу-құтқару операциясы басталған.

"Тау жынысы қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайға байланысты опырылған аумаққа бару айтарлықтай қиын. Үйінді астында қалған жұмысшыны табу үшін тиісті шаралар жасалып жатыр" деп хабарлады компания.

19 қыркүйек сағат 14.00-тегі ахуал бойынша жағдай сол күйі өзгермеген. Компанияның баспасөз қызметі Азаттыққа топырақ астында қалған жұмысшы әлі шығарылмағанын айтты.

Жұмыс тобы құрылып, арнайы комиссия оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатқаны хабарланды. Компания өкілдері төтенше оқиға зерттеліп жатқанын айтты.

"Алтыналмас АК" кен өндіріп, өңдейді. Алтыны бар кен Қазақстанның 9 кеніш орнында өндіріледі. Компанияның активтері төрт аймақта орналасқан: Жамбыл, Қарағанды, Абай және Ақмола облыстарында.

Компания ақпаратынша, Жамбыл облысында кенді жерасты және ашық әдістермен өндіреді. Ақбақай кеніші 1968 жылы ашылған. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында, Мойынқұм ауылының солтүстік-шығысына қарай 60 шақырым жерде Ақбақай ауылы маңында шоғырланған.

XS
SM
MD
LG