Accessibility links

Астанадағы LRT желісінде асылып тұрған ер адамның денесі табылды


Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі жобасының құрылысы. 22 тамыз, 2024 жыл. Азаттық архивіндегі фото.
Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі жобасының құрылысы. 22 тамыз, 2024 жыл. Азаттық архивіндегі фото.

24 қыркүйек таңертең Астана қаласында құрылысы жүріп жатқан LRT желісі бойынан бірнеше метр биікте салбырап тұрған өлген адам табылды.

Жергілікті телеграм-арналар оқиға орнынан түсірілген видео жариялады. Онда LRT желісінің бетон тіректерінің үстіндегі жолдың сырт жағында асылып тұрған адам көрінеді.

"24 қыркүйекте "103" қызметіне қоңырау түсті. Оқиға орнында асылып тұрған өлген ер адам табылды. Оқиғаның мән-жайы белгісіз, мәйітті полиция алды", – деп хабарлады Астананың денсаулық сақтау басқармасы.

Астана полиция департаментінің хабарлауынша, 38 жастағы марқұмның кім екені анықталған. Осы жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр деді полиция. Бірақ ол марқұмның аты-жөнін жарияламады. Бұл оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз.

Newtimes.kz сайты сөйлескен құрылыс нысанының күзетшісі өткен түні аумақ құлыптаулы болған деді. Оның сөзінше, сейсенбі күні таңертең өлген адам табылған жерге полиция мен арнайы қызмет өкілдері барған. Марқұмды құрылыс кранының көмегімен биіктен жерге түсірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG