Accessibility links

Ірі державалар Израиль мен "Хезболланы" бітімге шақырды


Израиль шабуылынан кейін Ливанның оңтүстігіндегі аспанға көтерілген түтін.
Израиль шабуылынан кейін Ливанның оңтүстігіндегі аспанға көтерілген түтін.

Еуроодақ пен 11 ел бірге мәлімдеме жасап, Израиль мен Ливандағы "Хезболла" тобын үш апталық бітімге келуге, осы уақыт аралығында қақтығысты бейбіт жолмен шешуге тырысуға шақырды.

BBC агенттігінің жазуынша, Нью-Йоркте әлемнің көптеген лидері қатысқан БҰҰ Бас ассамблеясының 79-сессиясы кезінде қабылданған мәлімдемеде Израиль мен "Хезболла" арасындағы қақтығыс бүкіл аймақ бойынша ушығып кетуі мүмкін, бұл Израильге де, Ливанға да керек емес делінген.

Мәлімдемеге АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия, Жапония, Канада, Австралия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Еуроодақ қол қойды.

АҚШ президенті Джо Байден мен Франция президенті Эммануэль Макрон БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясының "алаңындағы" кездесуде Таяу Шығыстағы қақтығыстың жаңа кезеңін талқылап, жағдайды бейбіт жолмен реттеу жолы қажет деген мәлімдеме жасады.

Байден мен Макрон кейінгі күндері бітімге шақыру туралы бірлескен, көпжақты мәлімдеме бойынша жұмыс істегендерін айтты.

Бұған дейін Франция Ливандағы жағдайды талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды.

Ливанның денсаулық сақтау министрлігі Израильдің түнде Ливанның солтүстік-шығысындағы Юнин қаласына жасаған шабуылынан кем дегенде 13 адам қаза тауып, тағы 11 адам жараланды деп хабарлады. Ал Израиль армиясы бас штабының басшысы Герци Халеви Ливандағы "Хезболла" тобына қарсы құрлықта операция бастауға дайындық жүріп жатыр деді.

Украинаның үміті, тынышы кеткен Ливан, Kaspi банк дауы – AzatNEWS | 24.09.2024
please wait

No media source currently available

0:00 0:28:11 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG