Жапонияда 27 қазанда өткен парламент сайлауының қорытындысына сәйкес, Либерал-демократиялық партия басқаратын билеуші коалиция кейінгі 15 жылда алғаш рет көпшілік орыннан айырылып отыр деп хабарлады Жапонияның NHK телеарнасы.
Сайлаудың ресми қорытындысы әлі шыққан жоқ, дауыс санау жалғасып жатыр, бірақ либерал-демократтардың "Комэйто" партиясынан коалиция бойынша серіктестеріне парламентте көпшілік дауысқа ие болуға қажет 233 орынға қол жеткізе алмайтыны қазірден бастап белгілі болды.
Басты оппозициялық күш – Конституциялық-демократиялық партия өз позициясын жақсартады деген болжам бар. Сарапшылар бұл партия парламентте 190-нан астам орынға ие болуы мүмкін деп есептейді.
Жапонияда биылғы парламент сайлауы кезектен тыс өтті. Оны либерал-демократтар басшысы, елдің жаңа премьер-министрі Сигэру Исиба ұсынды.
Либерал-демократиялық партия Жапониядағы ең ірі партия саналады. Олар 1955 жылы құрылғаннан бері билікте болған. Либерал-демократтардың билеуші коалициясы "Комэйтомен" 2009 жылдан бері бар.
ПІКІРЛЕР