Accessibility links

НАТО: Ресей Арктиканың маңызды климаттық деректерін жасырып отыр


Ресей Арктикадағы климаттың өзгеру ауқымы мен салдарын үлгілеу үшін қажет маңызды климаттық деректерді жасырып отыр. Бұл жөнінде НАТО-ның жоғары лауазымды өкіліне сүйенген Financial Times басылымы жазды. Арктика планетаның тез қызатын бөлігі саналады.

Арктиканың климаттық жағдайы туралы деректер 95 метеостанция желілерінен жиналады, алайда 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін 21-інің жұмысы тоқтап қалған.

НАТО өкілінің сөзінше, бұл станцияларсыз дерек жинау тиімсіз. Оның айтуынша, осы деректерге сүйене отырып климаттың өзгеруі бойынша саяси шешімдер қабылданып, жоспар жасалады. Ресей "климатты кепілдікте ұстап отыр" деді ол.

Бұдан бөлек, НАТО өкілдері Мәскеу қазбалы отыннан бас тартуға қарсы жалған ақпарат тарату кампаниясын да жүргізіп отыр, өйткені батыс елдерінің жасыл энергияға көшуі Ресейдің мұнай-газды игерудегі мүддесіне қайшы келуі мүмкін.

Бакуде 11-22 қараша аралығында БҰҰ-ның климат конференциясы өтеді. НАТО өкілдері Ресейге осы тұста сын айтып отыр.

Financial Times басылымының жазуынша, ғалымдар Ресейдің Арктика аумағындағы мұздардың ықтимал еруі мен соған байланысты атмосфераға бөлінетін метан мәселесіне алаңдап отыр.

XS
SM
MD
LG