Accessibility links

Мәскеуді ондаған дрон шабуылдап, үйлер өртенді


Жексенбі күні таңертең Мәскеу облысы дрон шабуылына ұшырады. Жергілікті уақытпен сағат 10-дағы жағдай бойынша кемінде 32 дрон атып түсірілген. Бұл жөнінде Мәскеу мэрі Сергей Собянин жазды.

Мәскеудің Домодедово және Жуковский әуежайларында әуе рейстерін қабылдау және ұшыру уақытша тоқтатылып, "Ковер" жоспары енгізілген. Кейін мұндай шектеулер Шереметьево әуежайында да іске қосылған.

Ресми мәлімет бойынша, дрон шабуылынан Мәскеу облысында кемінде бір адам зардап шеккен. Жергілікті тұрғындар телеграм-арналарда бірнеше жерден өрт шығып, тұрғындар зардап шеккенін жазды.

"Осторожно, Москва" басылымы жариялаған видеоларда дрондардың ұшқаны, атып түсірілген сәті және олардың бөлшектері құлаған жерде үйлердің өртенгені көрінеді. Мысалы, Рамен ауданында екі жеке үй өртенген.

"База" басылымы бір дронның атып түсірілгені туралы видео жариялады.

Украина әскері әзірге дрон шабуылы туралы ақпаратқа түсініктеме бермеді. Мәскеу қаласы мен облысы бұған дейін де осы тәрізді шабуылға ұшыраған, алайда бұл жолғысы – Ресей Украинаға басып кіргелі бергі ең ірісі.

Ресей қорғаныс министрлігі жексенбіге қараған түні Ресейдің біраз аймақтарында дрондар атып түсірілгенін хабарлаған. Брянск облысында – 17 дрон, Ростов облысында – үш, Белгород облысында - екі, Курск облысында бір дрон құлатылған.

Көктемнен бері Ресей аймақтарына дрон шабуылы күн сайын-дерлік жасалып жатыр. Мәскеу бұған Украинаның қарулы күштерін кінәлайды. Киев мұндай ақпараттарға өте сирек түсініктеме береді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG