Accessibility links

Стармер мен Макрон Ресей аумағына соққы беру бойынша АҚШ ұстанымын өзгерткісі келеді


Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер (сол жақта) мен Франция президенті Эммануэль Макрон, 2024 жылғы тамыз.
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер (сол жақта) мен Франция президенті Эммануэль Макрон, 2024 жылғы тамыз.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Джо Байденді Украинаға Ресей аумағындағы нысандарға Storm Shadow зымырандарымен шабуыл жасауға рұқсат беруге көндіруге "соңғы рет" талпынып көрмек. Бұл туралы The Telegraph газеті жазды.

Газеттің мәліметінше, Макрон мен Стармер мұны бүгін, 11 қарашада Парижде талқыламақ. Ұлыбритания билігі Байден сыртқы саяси мұрасын нығайтуға тырысып, бұған рұқсат береді деп үміттенеді. Киев оған бірнеше айдан бері қол жеткізгісі келген.

Украина билігі Ресей аумағына соққы беруге алысқа ұшатын зымырандар қолдану соғыс барысын өзгертуге көмектеседі деп санайды. Мысалы, бомбалауға ұшатын Ресей ұшақтарын осылай тоқтатуға болады деп жазды The Telegraph газеті. Ұлыбритания мен Франция Украинаға 560 шақырымға дейін ұшатын Storm Shadow зымырандарын пайдалануға рұқсат беруге дайын, бірақ бұған дейін Украинаға 300 шақырымға дейін жететін ATACMS зымырандарын жеткізген АҚШ шешімін күтіп отыр. АҚШ рұқсат беру туралы шешім қақтығыстың өршуіне әкеледі, оған НАТО елдері тартылуы мүмкін деп алаңдайды.

The Telegraph сұхбаттасқан адамдардың айтуынша, Лондон қазір АҚШ президенті болып қайта сайланған Дональд Трамптың 2025 жылғы қаңтардағы инаугурациясына дейін қалған уақытты "барынша тиімді" пайдаланғысы келеді. Украинадағы соғыстан бөлек, Стармер мен Макрон Трамп президенттігінің Таяу Шығысқа салдары мен АҚШ-тың Еуропамен сауда соғысының мүмкіндігін талқыламақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG