Дүйсенбі күні кешке Қытайдың Чжухай қаласында жеңіл көлік спорт орталығының жанында тұрған бір топ адамды қағып өткен. Нәтижесінде 35 адам қаза болды, 43 адам жарақаттанды деп жазды South China Morning Post басылымы.
Қытай ақпарат құралдарының жазуынша, зардап шеккендер арасында қарттар, жасөспірімдер мен балалар көп. Куәгерлер спорт орталығы маңында серуендеп жүрген адамдар көп болғанын айтқан.
Полицияның хабарлауынша, 62 жастағы ер адам спорт орталығының аумағына көлікпен кіріп, бір топ адамды қаққан. Жүргізуші ұсталған. Ол өзіне қол жұмсауға талпынғаннан кейін ауруханаға әкетілген. Оның талып қалғаны хабарланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол "ажырасқаннан кейін мүлікті бөлу нәтижесіне ашуланып, көлік жүргізген".
CCTV мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Қытай басшысы Си Цзиньпин жараланғандарды емдеуге барлық күшті салып, кінәліні қатаң жазалауды тапсырған.