Accessibility links

"Газа тұрғындарын әдейі ас-судан айырған". Халықаралық сот Израиль премьері Нетаньяхуды тұтқындауға ордер берді


Биньямин Нетаньяху мен Йоав Галант
Биньямин Нетаньяху мен Йоав Галант

Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен елдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты Газа секторында әскери қылмыс жасады деген айыппен тұтқындауға ордер берді.

Сот палатасы Нетаньяху мен Галант әдейі әрі біле тұра Газа халқын судан, тамақтан, дәрі-дәрмектен, медициналық жабдықтар, жылу мен жарықтан айырған деп айыптады.

Қарашаның басында Нетаньяху Галантты қызметінен босатқан. Ол министрге енді сенімі жоғын айтқан.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот ХАМАС тобының (АҚШ, ЕО және Израиль террористік ұйым деп таныған) жетекшісі Мұхаммед Дейфті де тұтқындауға ордер берді. Израиль Дейф 2023 жылы 7 қазанда Израильге шабуылдың ұйымдастырушысы деп санайды.

Биыл тамызда Израиль күштері Дейф 13 шілдеде Газа секторында Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқан деп мәлімдеген. Reuters-тің жазуынша, ХАМАС мұны жоққа шығарған да, растаған да жоқ. Сот оның өлімі туралы ақпарат жинауды жалғастырады деп жазды BBC агенттігі.

Израиль Дейф 2023 жылы 7 қазанда Израильдің солтүстігіне шабуылдың ұйымдастырушысы деп санайды. Бұл шабуылдан 1200 адам қаза тауып, 251 адам тұтқынға алынған.

Осыдан соң Израиль Газа секторын бомбалай бастаған. Қазір Таяу Шығыстағы соғыс әлі жалғасып жатыр. Сектордағы ХАМАС-қа бағынатын денсаулық сақтау министрлігікемі 44 мың адам қаза тапқанын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG