Интерактивті

Алексей Навальныйдың өмірі мен өлімі

Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальный бір жыл бұрын Арктикадағы түрмеде көз жұмды.

4 маусым, 1976
Алексей Навальный Мәскеуден батысқа қарай 50 км жердегі Бутынь ауылында дүниеге келген.
1998
Фото: Mikhail Tereshchenko/TASS
Навальный Ресей Халықтар достығы университетін заңгер мамандығымен бітіріп шықты.
2000
Фото: RFE/RL
Навальный саясатқа араласып, либералдық бағыттағы «Яблоко» партиясының құрамына кірді.
2001
Навальный Мәскеудегі мемлекеттік оқу орнын экономика мамандығы бойынша бітіріп, екінші диплом алды.
2002
Фото: EPA
Ол «Яблоконың» Мәскеу бөлімшесінің басқару кеңесіне сайланды.
2005
Фото: Alexander Natruskin/Reuters
Навальный оппозицияшыл саясаткер Мария Гайдарға «Демократиялық балама» («ДА!») жастар қозғалысын құруға көмектесті.
2007
Навальный «ұлтшыл әрекеттері үшін» «Яблоко» құрамынан шығарылды.
2007
Фото: Vitaly Belousov/TASS
Навальный орыстардың құқығын қорғап, иммиграцияны шектеуді көздейтін «Халық» қозғалысын құруға қатысты. Бұл іске ұлтшыл автор Захар Прилепин мен журналист Сергей Гуляев қатысты.
2008
Фото: RFE/RL
Ол «Газпром» және «Роснефть» сияқты мемлекеттік корпорациялардағы жемқорлықты әшкерелеу арқылы таныла бастады. Бұған қоса ол орыстардың ұлтшылдар маршына қатысты.
2009
Фото: Alexei Nikolsky/AFP
Навальный Киров облысының губернаторы, либерал саясаткер Никита Белыхтың штаттан тыс кеңесшісі болды. Бұған қоса ол блогында журналистік зертеу материалдарын жариялап, «ВТБ», «Транснефть» сияқты мемлекеттік компанияларда жемқорлықты әшкереледі.
2010
Мемлекеттік шығындарды саралап, жемқорлықты әшкерелейтін «РосПил» жобасын бастады. Бұған қоса ол Йель университетіне оқуға түсті.
2011
Фото: Dimitar Dilkoff/AFP
Навальный мемлекеттегі жемқорлықты әшкерелейтін «Жемқорлықпен күрес қорын» құрды. Ол «сайлауды нәтижесін бұрмалауға қарсы» наразылыққа шыққаны үшін 15 тәулікке қамалды. Бұған қоса ол «Единая Россиядан басқа кез келген партияға дауыс бер» деген акцияны қолға алды.
2011
Фото: Sergei Karpukhin/Reuters
Навальный биліктені «Единая Россия» партиясын «алаяқтар мен ұрылар партиясы» деп атады. Бұл теңеу қанатты сөзге айналып, интернетте және митингілерде жиі қайталана бастады.
2012
Фото: Aleksandr Bukhtin/TASS
Навальныйға екі жерден ақша жымқырды және алаяқтық жасады деген айып тағылып іс қозғалды. Оның бірі «Кировлес» мемлекеттік орман өнеркәсібі компаниясында, екіншісі «Ив Роше» компаниясының Ресейдегі еншілес мекемесінде. Бұған қоса ол Ресей оппозициясы үйлестіру кеңесіне сайланды.
2012
Фото: Freesquad via X
Оппозициядағы белсенді әрекетіне және үстінен іс қозғалғанына қарамастан, ол мемлекеттік «Аэрофлот» әуе компаниясының басқармасына сайланды.
2013
Фото: Shutterstock
Навальный Мәскеу мэрі қызметіне додаға түсіп, сайлауда екінші орын алды. Ол «Кировлесте» ақша жымқыру ісі бойынша бес жылға бостандығынан айырылды. Кейін ол шартты жазамен алмастырылды. Бұған қоса ол «Шығындар энциклопедиясы – Олимпиаданың бағасы» деген жобасын іске қосты.
2014
Навальный «Ив Рошедегі» алаяқтық ісі бойынша кінәлі деп танылып, 3,5 жыл шартты жаза алды. Үйқамаққа алынды. Еуропаның адам құқықтары соты Ресей «Кировлес» ісінде Навальныйға әділ сот төрелігі қамтамасыз етілмеді деген қорытынды жасады.
2016
Навальный 2018 жылғы президент сайлауына кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.
2017
Фото: Evgeny Feldman (AP)
Навальныйға екі рет «зеленка» шашып кетті. Ол сол кездегі премьер-министр Дмитрий Медведевтің жемқорлыққа қатысы туралы деректі фильм жариялады. Сотталғанына байланысты оның президент сайлауына түсуіне рұқсат берілмеді.
2018
Навальныйдың «Кировлес» бойынша бес жылдық шартты жазасы тағы бір жылға ұзартылды.
2019
Фото: Maxim Shemetov (Reuters)
Навальный заңсыз шаралар ұйымдастырып, оған қатысқаны үшін 10 тәулікке қамалды. Бұдан соң ол заңсыз митинг ұйымдастырғаны үшін тағы 30 тәулік әкімшілік қамауға алынды.
тамыз, 2020
Фото: Alexey Malgavko (Reuters)
Навальный Томск қаласынан Мәскеуге бара жатқан ұшақта кенеттен талып қалды. Кейін Германияда жүргізілген зерттеу оның «Новичок» уымен уланғанын растады.
17 қаңтар, 2021
Фото: Kirill Kudryavstev (AFP)
Германияда бес ай емделіп Ресейге қайтқан Навальныйды әуежайда тұтқындады. Оған шартты жазаны орындау ережесін бұзды деген айып тағылды. Бұдан соң оған 2,5 жыл түрме жазасы кесілді. Түрмеде үш апта аштық жариялаған Навальный сол аралықта «Путиннің сарайы» деген журналистік зерттеуін жариялады. Ол басқаратын «Жемқорлыққа қарсы қор» «экстремистік ұйым» деп танылып, оның жұмысына тыйым салынды.
2022
Навальный ақша жымқырғаны үшін және сотқа құрмет көрсетпегені үшін тағы 9 жылға сотталып, қауіпсіздігі жоғары түрмеге ауыстырылды.
желтоқсан, 2023
Фото: Natalya Ivanova (TASS)
Навальный солтүстік поляр шеңберінің ішінде жатқан Харп елді мекеніндегі колонияға жіберілді. Түрлі қылмыстары, соның ішінде «экстремистік әрекеті» үшін оған тағы 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
16 ақпан, 2024
Фото: AFP
Навальный түсініксіз жағдайда түрмеде қайтыс болды.
  • Credit: RFE/RL Graphics