Ресей президенті Владимир Путин Украинамен жеңіске жеткенше соғысуға бекініп отыр. АҚШ барлау қызметтерінің Конгресс өкілдеріне ұсынған есепте осылай жазылған. Бұл туралы америкалық шенеуніктерге сілтеп NBC News хабарлады.
Америкалық сарапшылардың бақылауынша, Ресей басшылығы Украинадағы соғысты аяқтау мәселесінде мәмілеге баруға дайын емес. Керісінше, Ресей әскерінің шығынға батуы, ел экономикасының қиындыққа тап болуы Владимир Путинді жеңіске бар күшін жұмсауға итермелеп отыр. Путин Ресейдің шығынын ақтау үшін Украинаны өз бақылауына алғысы келеді деп жазған есеп авторлары.
Ақ үй өкілі бұл ақпарат жиі пікір беруден бас тартты, бірақ АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің "Лукойл" және "Роснефть" мұнай компанияларына санкция салу арқылы соғысты аяқтағысы келетінін айтты.
"Тұрақты бейбітшілік Ресейдің келіссөз жүргізуге ықыласты болуына байланысты" дейді америкалық барлаушылар.