Accessibility links

Кот-Д'Ивуарда Лоран Гбагбо атысты дереу доғаруға шақырды


Кот-Д'Ивуарда биліктен кетпей отырған Лоран Гбагбо атысты дереу доғаруға шақырды. Ол бұл мәлімдемесін саяси қарсыласы Алассан Уаттараны жақтайтын күштердің сәтті шабуылынан соң жасаған.

Гбагбоның өкілі олардың әскери күші тактикалық әдіске барып шегінгенін, бірақ қажет болған жағдайда "өзін өзі қорғау" құқығын пайдаланатындығын мәлімдеген.

Елдің батысындағы Двекве қаласында 30 мыңдай адам ұрыстан бассауғалап діни кешенді барып паналады.

Кот-Д'Ивуарда былтыр қарашада өткен президент сайлауында Алассан Уаттараның жеңіске жеткенін БҰҰ мойындағанымен, елді он жыл басқарып келген Лоран Гбагбо биліктен кетуден бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG