Қазақстанда жексенбі күні өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру барысы туралы хабар дайындау үшін Алматыдағы №59 сайлау учаскесіне барған Азаттық радиосының тілшілерін сайлау комиссиясы кіргізбей қойды.
Журналистердің қолында Қазақстан сыртқы істер министрлігінің берген куәлігі, сайлау туралы хабар дайындау жөніндегі редакциялық тапсырма және жеке құжаттарының болғанына қарамастан, учаскелік сайлау комиссиясы арнайы тізімде Азаттық радиосы тілшілерінің жоқ екендігін алға тартты.
Қазақстанда сәуірдің 3-і таңертең басталған кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.