Accessibility links

Назарбаев премьер-министрлікке Мәсімовтың кандидатурасын ұсынды


Жаңадан сайланған президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан премьер-министрлігіне Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсынысты Назарбаев бүгін парламентің төменгі палатасы - Мәжілістің отырысында жасады.

«Конституцияның талабы бойынша қайтада сайланған президент ант берген соң үкімет отставкаға кетуі қажет. Мен Мәсімовті қайтадан тағайындау туралы келісімдеріңізді алуға келіп тұрмын» деді қайтадан сайланғаннан кейінгі алғашқы жұмыс кестесін мәжілістен бастаған Назарбаев.

Қазақстан заңына сәйкес, жұма күні Назарбаевтың инаугурациясынан кейін Кәрім Мәсімов жетекшілігіндегі үкімет отставкаға кеткен болатын.

45 жастағы Мәсімов 2007 жылдың қаңтар айында премьер-министр болып тағайындалған еді.
XS
SM
MD
LG