Accessibility links

Ирақтағы шийт жетекшісі АҚШ күштері қалатын болса қарсылық күшейеді деді


Ирақтағы әсіре діншіл шийт жетекшісі Моқтада әл-Садр егер АҚШ күштері белгіленген мерзімде Ирақтан кетпесе, өзінің жақтастары қайтадан қарсылықты күшейтетінін айтты.

Әл-Садрдың бұл мәлімдемесін оның өкілі сенбі күні Бағдадта мыңдаған адам жиналған шеруде оқып берді. Шерушілер Саддам Хуссейн режимін құлатқан АҚШ бастаған күштердің Бағдадта сегізінші жыл қалып отырғанына қарсылық танытқан.

Моқтада әл-Садрдың мәлімдемесі осы аптада АҚШ қорғаныс хатшысы Мосул қаласына барып, АҚШ күштері жоспар бойынша 2011 жылдың соңында елден кеткенімен, америкалық жасақтар Ирақта бірнеше жылға қала беруі мүмкін деген соң айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG