Бүгін Ливияның оппозициялық көтерілісшілері өз елдеріндегі сегіз аптаға созылған қақтығысты тоқтатуға бағытталған Африка одағының атысты тоқтату жоспарын қарастыратындарын айтып отыр. Бірақ көтерілісшілер ол үшін Муаммар Каддафи биліктен кетуі керек деді.
Африка одағының делегациясы Каддафи күштері мен оппозициялық көтерілісшілер арасындағы қақтығысты тоқтатуға арағайындық жасауға тырысып отыр. Олар жексенбі күні Триполиде Каддафимен кездескен соң, Бенгазиді бақылауында ұстап отырған көтерілісшілермен де келіссөз өткізіп жатыр.
Оңтүстік африкалық Джейкоб Зума бастаған делегация жексенбі күні Триполиде Ливия жетекшісімен кездесуден кейін, Каддафи бейбіт жоспарды қабылдауға келісіп отыр деп мәлімдеген.
"Жол картасы" атты бейбіт жоспар тезарада атысты тоқтатып, Каддафи мен көтерілісшілер арасында келіссөздер өткізуді ұсынады. Африка одағы елді кім басқаруы керек деген мәселені халық өздері шешеді деген.