Accessibility links

Тимур Құлыбаев "Самұрық-Қазына" қорының басшысы болып тағайындалды


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы болып Тимур Құлыбаев тағайындалды. Бұл туралы үкімет шешімін бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» қорының ұжымына премьер-министр Кәрім Мәсімовтің өзі жария етті деп хабарлады аталған қордың баспасөз қызметі.

Құрамына 500 еншілес және тәуелді мекемелер мен оларға бағынышты заңды тұлғаларды біріктірген «Самұрық-Қазына» қоры толығымен үкіметтің иелігінде.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның күйеуі 44-жастағы Тимур Құлыбаев бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасы төрағасының орынбасары болып істеген. Осы қордың құрамындағы «Казатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «KEGOC», «Самрұқ-Энерго» сияқты еншілес ұлттық компаниялардың директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ KazEnergy қауымдастығын басқарады.

Америкалық «Форбс» журналы өз тізіміне енгізген қазақстандық бес миллиардердің бірі Тимур Құлыбаевтың байлығын 1,3 миллиард доллар деп бағалаған.
XS
SM
MD
LG