Accessibility links

Франция: НАТО Ливияда жеткілікті жұмыс атқармай отыр


Франция сыртқы істер министрінің айтуынша, Ливия азаматтарын Муаммар Каддафидің күштерінің шабуылдарынан қорғау үшін НАТО жеткілікті дәрежеде жұмыс атқармай отыр. Бұл туралы Ален Жюппе франциялық радиоға берген сұқбатында мәлімдеді.

НАТО сыртқы істер министрлері бейсенбі мен жұма күндері Берлинде кездесіп, Ливиядағы жағдайды талқылайды. Дүйсенбі күні көтерілісшілер сегіз аптаға созылған қақтығысты аяқтау жөніндегі Африка Одағының жоспарын қабылдамады. Ливия көтерілісшілері Каддафидің биліктен кетуін талап етті.

Елден қашып Ұлыбританияны паналаған бұрынғы сыртқы істер министрі Муса Куса "азаматтық соғыс басталса, Ливия Сомалиге айналуы мүмкін" деп ескертті.
XS
SM
MD
LG