Египет прокуроры бұрынғы президент Хосни Мүбәрәкті 15 күнге тұтқындауды бұйырды. Елде Мүбәрәк режимінің жемқорлығына қатысты тергеу ісі жүріп жатыр.
Жүрек ауруына шалдыққан 82 жастағы Мүбәрәк сейсенбі күні ауруханаға түскен болатын. Бүгін Мүбәрәктің ұлдары да 15 күнге қамалды.
Египетте бірнеше аптаға жалғасқан жаппай наразылық шарасынан кейін Мүбәрәк ақпанның 11-інде биліктен кеткен еді. Ол Египетті 30 жыл басқарды.