Accessibility links

Сирияда төтенше тәртіп жағдайы алынбақ


Сирия президенті Башар әл-Ассадтың мәлімдеуінше, 1963 жылы енгізілген төтенше тәртіп жағдайы туралы заң бір аптаның ішінде күшін жояды. Бұл туралы Ассад сенбі күні елдің жаңа үкіметіне жасаған жолдауында айтты.

Сирияда үкіметке қарсы наразылық шарасы жалғасып жатыр. Шерушілер демократиялық реформаларды талап етуде. Жұма күні шерулерге ондаған мың адам қатысты.

Елде бір айға жалғасқан шерулер барысында 200-ге жуық адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG