Accessibility links

Назарбаев қазақ тілі елде үстемдік құрмауы тиіс деді


Дүйсенбі Астанада Қазақстан халықтары ассамблеясының “Тәуелсіз Қазақстан: 20 жыл бейбітшілік пен келісім құру” тақырыбындағы 17-ші кезекті сессиясы өтті. Бұл жиын ассамблеяның төрағасы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтті.

Осы отырыстағы сөзінде Назарбаев мемлекеттік тіл елдегі басқа тілдерден үстем болмауы тиіс деді. Оның пікірінше, қазақ тілі басқа тілдерден басым болмай, қазақстандықтарды біріктіретін ғана тіл болуы тиіс.

Назарбаев бұл тұрғыда көп ұлтты АҚШ пен Франциядағы жағдайды атап өтіп, Америкада ағылшын тілі, Францияда француз тілі жүздеген этностарды біріктіріп отыр деген. Назарбаевтың бұл айтқандары туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болғанымен, үстемдікті ресми тіл деп жарияланған орыс тілі иеленіп келеді.
XS
SM
MD
LG