Accessibility links

Путин Ресей үкіметінің жетістіктерін атап өтті


Ресей премьер-министрі Владимир Путин парламентке жылдық жолдауын жариялап, өз үкіметінің жетістіктерін атап өтті.

Мемлекеттік думада сөйлеген сөзінде Путин 2010 жылы Ресейдің жалпы ішкі өнімі 4 пайызға өсті деп атап көрсетті. "Бұл - Үлкен сегіздік тобына мүше елдер арасында ең үлкен көрсеткіш",- деді Путин.

Оның айтуынша, Ресей экономикасы 2012 жылдың басына дейін толық дағдарыстан шығады.

Сонымен қатар Путин мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар мен әлеуметтік саладағы мәселелерге тоқталды. Путиннің айтуынша, Ресей алдағы бес жылда тұрғын үй құрылысын екі есеге көбейтуі тиіс. Бұған қоса ол ипотекалық несиеге қатысты пайыздық өсімнің қысқарылуын көздейтінін хабарлады.
XS
SM
MD
LG