Франция Муаммар Каддафидің күштерімен шайқасып жатқан оппозициялық көтерілісшілерді қолдау үшін өзінің әскери байланыс офицерлерін жіберіп жатыр.
Үкімет баспасөз хатшысы Франсуа Барунның мәлімдеуінше, француз байланыс әскерилерінің кішігірім тобы ливиялық көтерілісшілердің Өтпелі ұлттық кеңесіне қарапайым халықты қорғауға көмектесетін болады. Ол Францияның Ливияға құрлықтағы әскерилерін жіберуге ниеті жоқ деп атап көрсетті.
Сейсенбі күні Ұлыбритания ливиялық көтерілісшілерге көмектесу үшін 20 әскери кеңесшісін жіберетінін хабарлаған болатын.
Ливия сыртқы істер министрі Абдул Ати әл-Обейди ұлыбританиялық миссия қақтығыстың созылуына себеп болуы мүмкін деп мәлімдеді.