Accessibility links

Тегеран Сириядағы шеруге қатысты АҚШ-тың айыптауын қабылдамады


Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Барак Обаманың Сириядағы бейбіт халықтың шеруін басуға Тегеран көмектесті деген айыбын теріске шығарды.

Министрлік өкілі Рамин Мехманпараст "әл-Алам" телеарнасына берген сұқбатында, “біз бұл мәлімдемені қабылдамаймыз, біздің саясатымыз өте айқын, біз басқа елдердің ішкі мәселесіне араласпаймыз” деді.

Сириядағы шерушілердің күшпен басылып, адам шығыны болған оқиғадан кейін сөйлеген Обама Сирия президенті Башар әл-Ассад сириялықтарды аяусыз басып-жаншуға өз елінде осындай тәсілдерді қолданып келген Иранның көмегін алып отыр деген.

Сирия Иранның 1979 жылғы Ислам революциясынан бергі жақын одақтасы болып келеді.
XS
SM
MD
LG