Accessibility links

Йемен президенті билікті заңды жолмен беру қажеттігін айтты


Йемен президенті Әли Абдолла Салех билік шеруге шыққандарға жайдан жай беріле салмайды, тек конституциялық жолмен беріледі деп мәлімдеді.

Жексенбіде Би-би-би арнасына берген сұқбатында президент Салех елде екі айдан бері жалғасып жатқан халық толқуларын "төңкеріс" деп атады.

Сенбі күні Салех Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесінің Йемендегі жағдайды бейбіт жолмен реттеу туралы ұсыныстарын қабыл алған еді. Бұл ұсыныста егер Салех отыз күннің ішінде билікті вице-президентке тапсырса, оған қарсы қылмыстық қудалау болмайтыны айтылған.

Алайда соған қарамастан елде үкіметке қарсы шерулер толастамай отыр. Жексенбі күні шеруге шыққандар Салех дереу биліктен кетіп, сотқа тартылсын деген талаптар қойды.
XS
SM
MD
LG