Иранның İшкі істер министрлігі Махмуд Ахмадинежатты жұма күнгі сайлаудың жеңімпазы ретінде жариялады. Ахмадинежад ресми түрде 62,6 пайызға қол жеткізді.
Иранның рухани көсемі жаңа сайланған президентті қолдауға барлық ирандықтарды шақырды.
Реформашыл үміткер Мир Хусейн Мусави, дауыстардың басым бөлігі саналған тұста, 32 пайыз дауысқа қол жеткізген екен.
Үшінші орында елдегі Төңкерісшіл жасақтың бұрынғы басшысы Мохсен Резай 1,7 пайыздық көрсеткішпен келеді. Парламенттің бұрынғы төрағасы Мехди Карроби бір пайызға жетпейтін дауысқа қол жеткізген.
Мусави Иран сайлауы қортындысын мойындамауда. Иран президенттік сайлауына қатысушы үміткер, реформашыл Мир Хусейн Мусави, бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында және жариялаған ашық мәлімдемесінде, бұл тектес өрескел заң бұзушылықтарға табанды түрде қарсы тұрамын деді. Біз мұндай қауіпті ойын алдында тізе бүге қоймаймыз, дей келіп, Мусави сондай-ақ сайлаудағы аталған заңсыздықтар елде тирандық биліктің орнауына алып келеді деп ескертті.
Мусави сенбіде баспасөз мәслихатын өткізбекші еді. Алайда оны кейінгі күндерге қалдырды. Карроби және Резай болса, әзірге үнсіздік танытуда.
Мусави, Карроби және Резайлар Иранның рухани көсемі Аятолла Хаменеймен кездесті немесе кездесу жөнінде кеңес-ұсыныс алды деген хабарлар тарауда. Қалай болғанда да, соңғы сөз-Хаменейге тиесілі. Рухани көсем сайлау қарсаңында-ақ Ахмадинежадты қолдайтынын білдірген болатын.
Жергілікті жерлерде дауыс есептеулердің бұрмаланғаны жеке мысалдардан айқын көрінуде.Оппозициядағы сайлаушылардың күдігін күшейтіп отырған тағы бір мәселе-дауыстардың İшкі істер министрлігінде саналуы.
Техрандағы реформашыл журналист Сарежеддин Мирдамади министрлік алдында өзі куә болған жайтты баяндап берді:
- İшкі істер министрлігіне енбек болып едім, рұқсат құжатымның болғанына қарамастан, олар мені кіргізбеді. Сондай-ақ, министрліктің басқа да қызметкерлерін жұмыс орындарына жібермей, яғни ғимаратқа кіргізбей тұрғандарын да көрдім. Әлгі топ кейінірек басқа департамент қызметкерлерінің де ішке енгізілмегенін маған айтты.
Маусымның 12-дегі осы сайлау қарсаңында өз үміткерлерін қолдаушы жастар көшелерде түрлі қолдау шараларын өткізген болатын.
Көптеген жастар мен әйелдер одақтары елде өзгерістер болады деп сенген еді. Олардың кейбіреулері қазір өз өкініштерін Facebook, Twitter сияқты интернет беттерінде білдіріп жатыр. Олардың кейбірі веб парақшаларына Иран картасын өртеп жатқан суреттерін қойса, келесілері бұл сенбіні қаралы сенбі деп атауда.
Жағдайдың бұдан былайғы даму барысы жеңіліске ұшыраған өзге үміткерлердің, әсіресе Мусавидің өз жақтастарына қандай бағыт-бағдар беретініне байланысты дейді сарапшылар.
Иранның рухани көсемі жаңа сайланған президентті қолдауға барлық ирандықтарды шақырды.
Реформашыл үміткер Мир Хусейн Мусави, дауыстардың басым бөлігі саналған тұста, 32 пайыз дауысқа қол жеткізген екен.
Үшінші орында елдегі Төңкерісшіл жасақтың бұрынғы басшысы Мохсен Резай 1,7 пайыздық көрсеткішпен келеді. Парламенттің бұрынғы төрағасы Мехди Карроби бір пайызға жетпейтін дауысқа қол жеткізген.
Мусави сайлаудағы заңсыздықтар елде тирандық биліктің орнауына алып келеді деп ескертті
Мусави сенбіде баспасөз мәслихатын өткізбекші еді. Алайда оны кейінгі күндерге қалдырды. Карроби және Резай болса, әзірге үнсіздік танытуда.
Мусави, Карроби және Резайлар Иранның рухани көсемі Аятолла Хаменеймен кездесті немесе кездесу жөнінде кеңес-ұсыныс алды деген хабарлар тарауда. Қалай болғанда да, соңғы сөз-Хаменейге тиесілі. Рухани көсем сайлау қарсаңында-ақ Ахмадинежадты қолдайтынын білдірген болатын.
Жергілікті жерлерде дауыс есептеулердің бұрмаланғаны жеке мысалдардан айқын көрінуде.Оппозициядағы сайлаушылардың күдігін күшейтіп отырған тағы бір мәселе-дауыстардың İшкі істер министрлігінде саналуы.
Техрандағы реформашыл журналист Сарежеддин Мирдамади министрлік алдында өзі куә болған жайтты баяндап берді:
- İшкі істер министрлігіне енбек болып едім, рұқсат құжатымның болғанына қарамастан, олар мені кіргізбеді. Сондай-ақ, министрліктің басқа да қызметкерлерін жұмыс орындарына жібермей, яғни ғимаратқа кіргізбей тұрғандарын да көрдім. Әлгі топ кейінірек басқа департамент қызметкерлерінің де ішке енгізілмегенін маған айтты.
Маусымның 12-дегі осы сайлау қарсаңында өз үміткерлерін қолдаушы жастар көшелерде түрлі қолдау шараларын өткізген болатын.
Елде өзгерістер болады деп сенген жастар мен әйелдер одақтары өз өкініштерін интернет беттерінде білдіріп жатыр