Қостанайдағы жиынға Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азиялық даму банкінің басшылары және кәсіпкерлерден «Форбс» журналының миллиардерлер тізіміне енген Александр Машкевич, Лакшми Миттал, Олег Дерипаска, Вагит Алекперов сынды адамдар қатысты.
Бұл жолғы бас қосудың негізгі тақырыбы “Әлемдік қаржы нарығы өзгеріске ұшырап жатқан жағдайда Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына арналған қаржы көздері” деп аталды.
Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 1998 жылы құрылған шетел инснвесторлары кеңесі консультативтік-кеңес беру органы болып есептеледі. Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы болып табылатын Қазақстан президенті Н.Назарбаев
Пленарлық жиында сөйлеген Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және сауда министрі Әсет Исекешев, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХ пленарлық отырысының хаттамасында көрсетілген тапсырмаларын орындалуы және Қазақстан экономикасын дамытудың алғышарттары туралы айтып берді.
Қазақстан экономикасын қолдауға 19 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қаржы, соның ішінде Ұлттық қордан 10 миллиард доллар бөлінгені айтылды. Бір ғана Қытайдың өзінен республика 10 миллиард АҚШ долларын несиеге алған.
Royal Bank of Scotland компаниясының энергетика және табиғи ресурстар бөлімінің басшысы Ф.Паулюс Қазақстанның әлсіз жағы – банк жүйесі болғанын айтып өтсе, «АрселоМиттал» компаниясының төрағасы Лакшми Миттал Қазақстандағы дағдарыстың толық бақылауда екенін, ал банк проблемаларына қатысты «Самрұқ-Қазына» қоры дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарламаға тиімді қолдау жасап жатқанын атап айтты.
Лакшми Миттал Қарағанды облысының әкімшілігі мен компания басшылығы Шахтинск қаласында электр қуатын алу жөніндегі мәселені зерттеу туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады. Бұл жобаның нәтижесінде шахталардан шығатын метан газынан электр қуаты өндірілмек көрінеді.
Лукойл компаниясының президенті Вагит Алекперов Ресейдің Қазақстандағы басым бағыттары Қарашығанақ кен орнын өңдеуді жылдамдату, Каспий теңізі түбіндегі мұнай орындарын бөлісу туралы келісім жасау екенін атап көрсетті. «Шеврон» корпорациясының, Еуразия корпорациясының басшылары өздері атқарып жатқан жұмыстарға түсініктеме берді.
Азиялық даму банкінің вице-президенті Ж.Шаою жекеменшік сектор және мемлекеттік органдар өкілдері тіл табысқан жағдайда көптеген табыстарға қол жеткізуге болатынын айта келіп, автомобиль жолдары мен теміржолдар салу, энерго қуатын шығаратын объектілер мен әуе-жайларға байланысты жобаларға аса ірі және тәжірибелі инвесторларды тартуға шақырды.
Кейбір шетел инвесторлары «Қазақстан үкіметі коммуникация саласында кешенді стратегиямен айналыса ма?», «Үкімет өндіріс қалдықтарына бөлінген квоталар кестесін жасай ма?» деген сауалдар қойды.
Жиында 2009 жылға арналған шаралар жоспары, шетелдік инвесторлар кеңесінің заңдылық мәселелері, салық салу, инвесторлардың ағымдық қызметі, сонымен бірге Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін көтеру мәселелері жөніндегі жұмысшы топтарының құрамы бекітілді.
Қазақстан президенті қорытынды сөзінде Қазақстанның 2010 жылдан басталатын, бес жылға арналған индустриялық-экономикалық даму жоспарында агроөнеркәсіп, құрылыс индустриясы,мұнай өңдеу, металлургия,химия, фармацевтика. энергетика және инфрақұрылым салаларына баса назар аударылатынын айтып, жиналғандарға алғысын білдірді.
Қостанайдағы кеңес мемлекет басшысының шетелдік инвесторлар кеңесі мүшелерімен кездесуімен аяқталды. Онда ұзақ мерзімге арналған және жедел жүзеге асырылуға тиісті шараларға ұсыныстар айтылды, шетелдік компаниялармен екіжақты ынтымақтастықты орнықтыру шаралары қарастырылды.
Отандық кәсіпорындар да бәсекеге қабілетті өнім шығаруды көбейткені тілге тиек болып, халықаралық маңызы зор жобаларды жүзеге асыру мәселелері күн тәртібіне қойылды. Келесі бас қосу жыл аяғына, желтоқсан айына белгіленді.