Accessibility links

Болат Әбілов биліктің тапсырмасын орындап жүр ме?


Сейсенбі күні Рахат Әлиевтің ықпалында деп айтылып жүрген kaztoday сайтында оппозиция көсемдері Болат Әбілов пен Жармахан Тұяқбайға қатысы бар телефон әңгімелері жарияланды

Сайтта жарық көрген мақала тақырыбы –«Тәуелсіз зерттеу агенттігінен «оппозиция» өмірінен тағы бір үзінді» деп аталады. Бұл телефон әңгімелерінде – оппозиция басшыларының бірі Болат Әбілов пен Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтың үніне ұқсайтын дауыстар сөйлесіп, онымен, яғни Әділбек Жақсыбековтың үніне ұқсайтын дауыстағы адаммен Ораз Жандосов пен Төлеген Жүкеевтің кездескісі келетіндігі айтылады.
Әңгіме барысында Әділбек Жақсыбековтың дауысына ұқсайтын кейіпкер Болат Әбіловтің үніне ұқсас үні бар адамға бейсенбі күні кездесуге болатынын жеткізеді. Ол өз кезегінде кездесудің себебін сұрағанда Болат Әбіловтың үніне ұқсас дауыс саяси мәселенің бар екенін айтып, бірақ, телефон арқылы сөйлесетін әңгіме емес екенін жеткізіп, екі жаққа да тиімді жерде кездесуге ұсыныс жасайды. Әділбек Жақсыбековтың үніне ұқсайтын дауыс олармен өз кабинетінде ғана кездесе алатынын ескертеді.
Осы оқиғаға байланысты түсініктеме алу үшін біз «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбіловке хабарласқанымызда, көмекшісі - оның қолы тимей жатқанын жеткізді. Оппозиция көсемдерінің бірі болып саналатын Болат Мұқышұлы аталмыш мәселеге байланысты жауап берсе, алдағы сағатта оны жариялайтын боламыз.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев Азаттық радиосына берген сұхбатында, Болат Әбілов пен Жармахан Тұяқбайлардың билікпен ымы-жымы бір екенін және олардың Ақордадан қаржыландырылып отырғанын айтқан болатын. Алайда, Болат Әбілов Азаттық тілшісіне берген түсініктемесінде Рахат Мұхтарұлының сол кездегі айыптауларын жоққа шығарған еді. (орыс тіліндегі видеосы)
XS
SM
MD
LG