Кездесуге келгендер компания басшылығына қаладағы Республика алаңын қалпына келтіру туралы жұртшылықтың талабын жеткізді.Александр Белович компания алаңның астындағы құрылыс жобасының бастапқы қалпын өзгертіп, жерастынан автотұрақ және қоғамдық орындар ашуды көздейтін жаңа жобаны қаңтар айының аяғына дейін қала әкімшілігіне ұсынбақшы екенін хабарлады.
Алматыда «Базис А» құрылыс компаниясының кеңсесіне талаппен келген Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың бір тобы және «Азат» партиясының өкілдерін компания басшысы Александр Белович қабылдады.