Accessibility links

Иесіз үй жануарлары қаптап барады


«KARE» қоғамдық қорының мүшесі, өз еркімен қоғамға мүшелікке өткен, еріктілердің бірі Игорь Сахар, иесіз жануарлардың санын азайтудың төмендегідей тәсілін ұсынды:
- Қордың басты мақсаты иесіз жануарларды аулау, оларды бактериясыздандыру. Ол жануарлардың санын бірден азайтпағанымен, 5-6 жылда бұл мәселе шешіледі. Тағы бір күн тәртібіндегі мәселе, бұл мектеп, колледж, университеттерде ондай жануарларға байланысты бағдарлама енгізу.
Мұндай жануарлардың адам өміріне зиян келтіретінін біле тұра, қоғам болып онымен күреспеу күнә. Жануарларды дәрілеу арқылы оның бойындағы ауруларды аластату керек. Ал негізгі міндет олардың санын көбейтпеу. Сонда ғана біз ондай жануарлардан арыламыз.
Мал дәрігері, «Неміс овчаркасы» клубының директоры, Ирина Завгородняя иесіз жануарлардың санын азайтпаса, уақыт өте келе, адам өміріне қауіп-қатер төнуі мүмкін екендігін тілге тиек етті:
- Иттер мен мысықтар өте тез көбейетін жануарлар. Олар 6 айдан 12 жылға дейін балалайды. Жылына екі рет 4-тен 6-ға дейін, немесе 10-нан 12-ге дейін күшік пен марғауды дүниеге әкеледі. Мәселен оны есептесек, ит 6 жылда 60 мың, мысық 7 жылда 420 мың күшік туады. Бір айта кететіні иесіз жануарлар неғұрлым ашық, қарауысыз жерде жүрсе, соғұрлым көп балалайды. Олардың санын азайтудың таптырмас жолы - ол бактериясыздандыру, - дейді ол.
«KARE» қоғамдық қорының президенті Сәуле Рубинчиктың айтуынша, жануарлар жағдайымен санасу керек болғанымен, олардан қорғануды да ойлаған жөн:
- Ешкім иесіз жануарлардың қайдан пайда болып жатқандығымен бас қатырғысы келмейді. Олар қоғамға өте үлкен зиян келтіреді. Мәселен, адамдарды тістеу, қауып алу екі күннің бірінде болатын жағдай. Одан жұқпалы аурулар тарайды. Оның үстіне Алматы - ол туристерді көп тартатын болғандықтан, бұл жерге шетелден көп қонақтар келеді. Сондықтан қала өзінің бет бейнесін жоғалтпауы керек. Біз әкімшілікпен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс жасағымыз келеді. Жылда мұндай жануарларды аулауға, өлтіруге үлкен қаржы бөлінгенімен, одан нәтиже жоқ. Сондықтан онымен бүкіл қоғам болып күрескен жөн. Есесіне олардың саны көбеюде.
2008 жылы Алматы қаласына қаңғыбас иесіз жоюға 650 мың АҚШ доллары бөлініпті. Жылына Алматыда мыңдаған иесіз жануарлар жойылады екен.
XS
SM
MD
LG