Нартайдың өрлеуі мен құлдырауы
Қазақ баспасөзінің "Нартай Дүтбаев пәтер қамауында отыр" деген жорамалы келесі күні оның “ҚазАтомӨнеркәсібі” ұлттық компаниясына вице-президент болып тағайындалғаны туралы ресми хабармен алмасты. Ресми хабарға қарағанда, Нартай Дүтбаев жаңа лауазымындағы бірінші жұмыс күні “ҚазАтомӨнеркәсібі” компаниясының кәсіпорындарын аралап танысыпты. Одан 1 күн бұрын “Время” басылымында “Нартай сөйлей бастады” деген айдармен жарық көрген мақалада ҰҚК тергеушілерінің Н.Дүтбаевтан жауап алғаны хабарланды. Бірақ газеттің сол санында-ақ ҰҚК-нің баспасөз-хатшысы Кенжеболат Бекназаров "генерал-лейтенант Дүтбаев пәтер қамауында отыр" деген жорамалды теріске шығарды.
Аяқ астынан тағайындалған жаңа қызметіне дейін Нартай мырза осы айдың басында Қазақстан президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылып, азғантай мерзім жұмыссыз болды. Кеңесші ретінде Ақордаға оралуының алдында Н.Дүтбаев 2006 жылдың ақпанында оппозиция жетекшілерінің бірі Алтынбек Сәрсенбайұлын 2 серігімен бірге өлтіруге өзі басқаратын ҰҚК қызметкерлерінің қатысы болғандықтан биліктен шеттетілді. Н.Дүтбаев ҰҚК-нің төрағасы лауазымынан босатылып, ҰҚК Академиясын басқару міндеті жүктелді. Бірақ онда ол ұзақ отырмады.
Сарапшылар Алтынбек пен оның 2 көмекшісінің қазасынан кейін 2006 жылы Н.Дүтбаевтың қызметтен нақты не үшін кеткенін болжай алмай састы. Бір жорамал бойынша, Нартай мырза Алтынбекті өлтіруге Рахат Әлиевтің қатысы болғанын жасырып қалған, ал екінші болжамға сәйкес, керісінше, Рахаттың қылмысын әшкереледі. Қалай дегенмен де, сол кезде Рахат Әлиевтің зайыбы болған Дариға Назарбаева Н.Дүтбаевты президентке бұрмаланған ақпар берді деп айыптады. Дариға ҰҚК-нің басшылығын “хунта” деп атады.
Маңызды жайт: "Н.Дүтбаев пәтер қамауында отыр" деген жорамал шыққан 24 қыркүйек күні Азаттық радиосының интернет-сайтында Рахат Әлиевтің "Қазақстанда саяси астары бар жаппай тұтқындау шарасы басталғанын" мәлімдеген сұхбаты берілді. Осы сұхбатында Рахат, сонымен қатар, елдегі барлық оппозициялық партияны ҰҚК-мен “ауыз жаласты” деп айыптады.
Оппозиция серкелерінің кейбірі Рахат Әлиевтің ол айыптауын теріске шығаруға асықса, ресми билік “жаппай тұтқындау шаралары” туралы мәлімдемені жоққа шығармады, оның есесіне Нартай Дүтбаев “ҚазАтомӨнеркәсібі” ұлттық компаниясының вице-президенті сынды жоғары лауазымға тағайындалды.
Ұлттық компанияның баспасөз-хатшысы Сергей Насыров Азаттық радиосына берген сұхбатында жаңа тағайындауды растады. Бірақ ҰҚК тергеушілерінің Н.Дүтбаевтан жауап алып, ертеңіне жоғары қызметке тағайындалуының сырын сұраған Азаттық тілшісіне Сергей Насыров: “Ондай сауалды ҰҚК-нің баспасөз-хатшысы Бекназаровқа қойыңыздар!” - деп кеңес берді.
Алайда Н.Дүтбаевтың “ҚазАтомӨнеркәсібіне” ауысуы оның таяу келешектегі тағдырына қалай әсер ететіні беймәлім. Президенттің көмекшісі болған тағы бір тұлға Серік Бүркітбаев мамыр айында ғана “ҚазМұнайГаз” компаниясының президенті болып тағайындалып, 3 айға толмай тамыз айында ол қызметінен алынып, жұрт назарынан ғайып болды.
Кейбір қазақ баспасөзінің хабарлауынша, Бүркітбаев қазір “пәтер қамауында отыр” және “қыруар бюджет қаржысын жымқырды” деген күдікпен оның үстінен қылмыстық іс қозғалып тергелу үстінде. Рахат Әлиев Азаттыққа берген сұхбатында және өзінің интернет-блогінде жариялаған авторлық мақаласында ҰҚК-нің қазіргі төрағасы Амангелді Шабдарбаев Серік Бүркітбаевты өзінің ұлын ҚазМұнайГаздағы қызметінен алғысы келген үшін ғана тұтқындады деп мәлімдеді.
Оппозиция серкелері Рахатты теріске шығарады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен Демократиялық “Азат” партиясының саяси жетекшілері Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілев таяуда Рахат Әлиевтің Азаттық радиосына айтқан сөздеріне түсініктеме берді. Қазақстанның Аустрия мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы бұрынғы елшісі әрі президенттің бұрынғы үлкен күйеу баласы, Қазақстанда кісі ұрлаған және мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен сырттай екі мәрте сотталып, жиынтық 40 жылға түрме жазасына кесілген Рахат Әлиев “оппозициялық партияларды Ақорда мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаржыландырады және олардың барлық мәлімдемесін Н.Назарбаевтың тапсырысымен редакциялап отырады” деп мәлімдеді.
2005 жылғы президент сайлауына демократиялық оппозицияның ортақ үміткері болып түскен және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Жармахан Тұяқбай Азаттық радиосына берген сұхбатында Рахат Әлиевтің мәлімдемесін ойдан шығарылған және нақақ сөздер деп сипаттады.
“Біріншіден, - деп мәлімдеді Жармахан мырза, - біз билікті үнемі әрі табанды түрде аямай сынаймыз, биліктің қудалауына ұшырап келеміз; екіншіден билікке немесе қаржы алпауыттарына (олигархтарға) бас иіп баратындай біздің партиямыздың қыруар шығыны жоқ. Өзіміздің іс-қимылымызда біз негізінен өз ниетімен келгендерге және волонтерлерге сүйенеміз. Өзіміздің азын-аулақ шығынымызды мүшелік жарналар мен жекелеген азаматтардың қаржылай көмегі есебінен өтейміз”.
Демократиялық “Азат” партиясының саяси серкесі Болат Әбілев Қазақстанның сот билігінен Аустрияда бас сауғалап жүрген және өзін “саяси босқынмын” деп атайтын Рахат Әлиевтің таққан айыптарын – “Вена тоғайының жаңа ертегілері” деп бағалады. Әбілевтің пікірінше, “Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары ретінде, саяси қуғын-сүргін саясатына, демократиялық оппозицияның жетекшілері мен белсенділерін қудалауға, елдегі азаматтық бостандықты басып-жаншуға талай жылын сарп еткен Әлиев, әлбетте, кімнің нағыз саяси қуыршақ екенін, Ақорданың кімді қаржыландырып, кімді редакциялап отырғанын жақсы біледі. Оларды “президентшіл партиялар” деп те атайды. Ондай партиялардың көздеген шынайы мақсат-мүддесі қазақстандықтарға жақсы мәлім”.
Жармахан Тұяқбайдың жорамалы бойынша, “қазақ қоғамындағы демократиялық күштерден қолдау таппаған соң Рахат Әлиев оппозиция мен оның серкелерін жаппай қаралауға тырысады. Өткен аптада қоғам өкілдерінің Рахатты Аустрия Республикасында қылмыстық жауапқа тарту туралы талабы айтылған мәлімдеме шықты”.
Ол мәлімдемеде Рахат Әлиевтің меншігінде болған банктің 2 менеджерінің жоғалуы мәселесі көтерілді. Мәлімдемеде айтылғандай, “2 менеджер ұрланып кепілдікте отырды, кейін олар азапталды және соңғы рет 2 банкир Әлнұр Мұсаев, Вадим Кошляк және Рахат Әлиев екеуін автокөлікке отырғызып алып кетіп бара жатқан кезде көрінген. Содан бері екеуі хабар-ошарсыз жоғалды, демек бұл қылмысқа Рахат пен оның сыбайластарының тікелей қатысы болғанын дәлелденді деп есептеуге болады”.
Аустрия сотының Рахатты Қазақстанның Бас прокуратурасына ұстап беруден бас тартып, “оны еліне табыс еткен жағдайда адам құқының сақталуына және оның ісінің әділ қаралуына кепілдік жоқ” деген уәж келтіргені мәлім. "Мұндай жағдайда, - деп атап көрсетті қоғамдық мәлімдеменің авторлары, - Рахат Әлиевті дәл қазір оның өзі бас сауғалап жүрген елінде қылмыстық жауапқа тарту керек, ал Қазақстан жағы ол үдеріске барлық көмегін көрсетуге тиіс".
Оппозиция жетекшілерінің бірі Болат Әбілев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Рахат Әлиевтің ісі бойынша үкім шығарылып, іс жабылды деп мәлімдеуге тым асықты деп есептейді. Оның пікірінше, “қауіпсіздік қызметіне қолайсыз болатын жаңа жайттар ашылып қалмай ма деп барлығы да бұл істі жабуға асығады”.
"Мұндай асығыстықтың қажеті қанша, - деп мәлімдейді “Азат” партиясының серкесі, - ол іс соңғы кездегі талай қылмыстың, оның ішінде біздің Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбайұлы сынды үзеңгілестерімізді өлтірген қылмыстардың сырын ашуға септігін тигізер ме еді. Осы қылмыстар бойынша Әлиев пен оның сыбайластары тиянақты тергелмей “Рахатгейтті” жылы жауып қою – қылмысқа пара-пар".