10 қараша күні Fitch Ratings агенттігі бірнеше дамушы елдің рейтингі төмендегенін айтып, болжам жасады. Рейтингі төмендегендердің қатарында Болгария, Венгрия, Қазақстан және Румыния бар. «Келеңсіз» болжамдар жасалған бірнеше елдің ішінде Ресей де бар.
Nasdaq бизнес-порталы келтірген мәліметтер бойынша, Қазақстанның ұзақ мерзімді рейтингі шетел валютасымен есептегенде «BBB»-дан «BBB-» дәрежесіне, ал ұлттық валютадағы рейтингі бұрынғы «BBB +» дәрежесінен «BBB»-ға төмендеген. Fitch Ratings сарапшылары Қазақстанға барлық рейтинг бойынша «келеңсіз» болжам жасап отыр.
«Дамушы нарықтардың болашағына қатысты қауіп ғаламдық өндірістің құлдырауы мен капиталдың азаюының кесірінен төрт елдің несие рейтингі төмендеген дүйсенбі күні күшейе түсті», — деп атап көрсетеді британдық Financial Times басылымы. — «Болгария, Венгрия, Қазақстан мен Румынияның рейтингтерінің төмендеуі аталған елдердің экономикасының алдында тұрған қатерді азайтқан жоқ».
Cbonds сайтының мақаласында аталған төрт елдің рейтингісінің төмендеуіне байланысты «Еуропаның дамушы елдері — ірі төлем дефициттері мен қысқа мерзімді сыртқы қарыздардың әсерінен ғаламдық қаржы мен экономикалық жағдай әлсіреп тұрған шақтағы әлсіз аймақ болып отыр». Мұның бәрі экономиканы қаржыландыруды азайтып, капиталдың келуін төмендетеді. Қазақстан мен Ресейдің қаупі шикізат бағасының арзандауымен байланысты.
Осылайша Қазақстанның рейтингі ең төменгі деп саналатын «ВВВ-» деңгейінде анықталып отыр. Fitch агенттігінің сарапшылары Қазақстандағы инвестициялық деңгейдің сақталып тұрғандығын бұл мемлекеттің «шетел валютасындағы қарызы аз болғандығынан» деп отыр.
Сондай-ақ сарапшылар рейтингі бір саты төмендеп, «келеңсіз» болжамға ілігіп отырған ел үкіметінің ішкі банктік дағдарысты жеңетініне күмәнмен қарайды.
«Қазақстан үкіметінің қомақты қолдауына қарамастан, өткен жаздағы капитал ағыны мен жылжымайтын мүлік нарығының тоқтатылуынан кейін банк активтерінің сапасы нашарлап кетті», — деп жазылған Cbonds сайтының материалында. Үкімет өзіне банк пен теңгенің тұрақтылығын қолдау міндетін алғанымен, «долларға бағынышты экономика жағдайында мұнай бағасы арзандап кетсе, шетел валютасындағы мемлекет активтері төмендеп, төлем қабілеті нашарлайды».
Осылайша Fitch Ratings –тің сарапшылары рейтингті төмендету арқылы Қазақстан үкіметі уәде еткен елдің экономикасы мен банк жүйесіне құйылатын миллиардтардың тиімділігіне де күмәнданады.
Қазан айының аяғында тағы бір рейтинг агенттігі Moody's Investor Service Қазақстан рейтингінің болжамын «тұрақтыдан» «келеңсізге» төмендеткенін еске сала кетейік. «Сондықтан несиенің төленуі мен қолайлылығы ғаламдық масштабтағы шешуші мәселе болып қалуда, активтердің жойылуы мен сапасының жағдайы қазақстандық банктердің несиелендіру қабілетіне қауіп төндіретін негізгі мәселе болады деп ойлаймыз», — делінген Moody's-тың баяндамасында.