Жас кәсіпқойлар қоғамы мүшелерінің айтуынша, олар маусым айында өздерінің Жарғыларына толықтырулар енгізу үшін және ұйым қызметінің көлемін кеңейту үшін Әділет министрлігінің Тіркеу комитетіне құжаттарын тапсырыпты. Бірақ, министрлік құжаттарды бірқатар ескертулермен қайтарып беріпті.
- Бізге жеті тармақ бойынша ескертулер айтылды. Оның ең бастысы - біздің ұйымымыздың атауында «Қазақстан» деген сөз бар. Ол сөз "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңға қайшы келеді екен. Біз ұйым ретінде тіркелген кезде бұл заң әлі күшіне енбеген болатын. Азаматтық кодекстің 4-ші бабына сәйкес, бізде заңдардың кері күші жоқ. Сондықтан бұл ескертуді негізсіз деп ойлаймыз, - дейді қоғамдық ұйымның заңгері Әйгерім Әлиева..

Ұйым өкілдері құжаттарды министрлік еш негізсіз 2 мәрте қайтарып бергенін айтады. Олар комитеттің ескертулерін орындауға тырысқанымен еш нәтиже бермепті.
- Біз заң бойынша жұмыс жасадық. Комитеттің, тіпті, қазақ тіліндегі қателіктерге байланысты айтқан ескертулері бізге он рет қайтарылуы мүмкін. Себебі, қазіргі қазақ тілінде терминологияда бірізділік жоқ. Әр аудармашы оларды әртүрлі аударады. Бұл деген біздің қазақ тіліне жүрдім-бардым қарағандығымызды білдірмейді. Біз тек тоқтамай өз жұмыстарымызды жалғастырғымыз келеді, - деді ұйымның атқарушы директоры Олеся Халабузарь.
Ұйымның төрағасы Нурул Рахимбек қайта тіркелуге рұқсат берілмегенін ұйымның жұмысымен байланыстырады:
- Біз құрылғалы бері азаматтық қоғам мен демократияны дамытуға үлес қосып келеміз. Қоғамға ашық үндеулер таратамыз. Елде біз сияқты заңды мәртебе алмаған «Социалистік қарсыласу», «Қаһар» секілді өзге де ұйымдар бар. Бұл биліктің бізге көрсеткен алғашқы құқайы емес, 2005 жылы қалалық әкімдік бізді жарты жыл бойы түрлі сылтаулармен тіркемей жүрді.
Ал Әділет министрлігіндегі Тіркеу комитетіндегілер қоғамдық ұйымның құжаттары заң талабына сай болмағандықтан қайтарылып берілгенін алға тартты.
Ал Әділет министрлігіндегі Тіркеу комитетіндегілер қоғамдық ұйымның құжаттары заң талабына сай болмағандықтан қайтарылып берілгенін алға тартты.
- Көрсетілген ескертулер толық көлемде жойылмаған. Алдыңғы екі бұйрықта көрсетілген қоғамдық бірлестіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын сайлау тәртібі туралы және мемлекеттік тілдегі мәтіндердің грамматикалық қателер бөлігіндегі ескертулер жойылмаған. «Мемлекеттік тілдегісі не керек, орыс тілінде дұрыс болса болды ғой» дейді. Ал заңның талабы баршаға бірдей. Мәтіннің түпнұсқалығы деген болады. Қазақшасы, орысшасы бірдей болуы керек. Мәселен, «құжат» деген сөзде «ұ»-ның орнына «ү» жазып қойған. Қазақшасы мүлде түсінуге келмейді. Аудармасы да дұрыс емес. Тиянақтап қарамаған. Бірінші бетін ауыстырып алып келеді де, қайтадан тіркеп беруді талап етеді, - дейді заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің сарапшысы Ералы Бегалы.
Ұйым өкілдері болса, министрліктің ескертулері негізсіз деп санайды. Олар егер Тіркеу комитеті өтініштерін қанағаттандырмаса ел Президентіне, ал одан да қайыр болмаса сотқа жүгінетіндерін айтып отыр.