Accessibility links

Мемлекеттік тіл мәселесі митингте көтеріледі


Суретте (солдан оңға): "Азат" партиясының төрағасы Болат Әбілов, "Мемлекеттік тіл" қоғамдық ұйымының төрағасы Мұхтар Шаханов, ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай, "Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы Дос Көшім. Алматы, 17 қыркүйек 2008 ж.
Суретте (солдан оңға): "Азат" партиясының төрағасы Болат Әбілов, "Мемлекеттік тіл" қоғамдық ұйымының төрағасы Мұхтар Шаханов, ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай, "Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы Дос Көшім. Алматы, 17 қыркүйек 2008 ж.

Қазақстандағы бірқатар қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар мемлекеттік тілді қолдау мақсатында қыркүйектің 21-інде Алматыда митинг өткізбекші.

Митинг өткізуге мұрындық болған «Мемлекеттік тіл» қоғамдық бірлестігі Алматы әкімшілігінен тиісті рұхсат алды деп хабарлады бүгін журналистерге бірлестіктің төрағасы ақын Мұхтар Шаханов. Оның айтуынша, мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы туралы көкейде жүрген мәселелерді жұртшылықтың алдында айту үшін алда болатын жиынға қатысуға елдегі барлық қоғамдық ұйымдар мен саяси партияларға, тіл жанашырларына шақыру жолданыпты.

Қазақстанда «Тіл туралы» заң алғаш рет қабылданғанына биыл қыркүйектің 22-сінде 19 жыл толады. Алайда әлі күнге дейін өз дәрежесіне көтеріле алмай келе жатқан мемлекеттік тіл бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті проблемаға айналды, ал үкімет бұл мәселені шеше алмай отыр дейді митингті ұйымдастырушылар.

Митинг алдағы жексенбі күні сағат 11-ден 12.30-ға дейін Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының жанындағы алаңда өтеді.

Мемлекеттік тіл мәселесін митингте көтеруге елдегі бірқатар қозғалыстар мен саяси ұйымдар тарапынан қолдау танытты. Бұл бастамаға алғашқы болып үн қосқан 25 ұйымның арасында оппозицияда жүрген «Азат» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялары, сондай-ақ «Ұлт тағдыры» қозғалысы секілді ұлттық ұйымдар да бар.

«Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім әртүрлі бағыттағы күштердің басын біріктірген тіл мәселесі үшін күрес бір митингпен бітпей, жалғаса беретінін айтты:

XS
SM
MD
LG