Accessibility links

Явленко түрмесіндегі 27 тұтқын қарнын тіліп тастады


Солтүстік Қазақстандағы 164/4 түрмесі. Явленко ауылдық аймағы, 9 қыркүйек 2008 жыл
Солтүстік Қазақстандағы 164/4 түрмесі. Явленко ауылдық аймағы, 9 қыркүйек 2008 жыл

Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінің бірінде сотталғандар денесін жаппай тіліп тастаған. Осылайша олар түрме басшылығының әкімшілік саясатына қатысты наразылық білдіріп жатыр. Жараланғандардың халі ауыр.


"ТҰТҚЫНДЫ ПРОКУРОРДЫҢ КӨЗІНШЕ ТЕПКІЛЕДІ"

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленко ауылындағы 164/4 айрықша тәртіптегі түрмеде отырған кемінде 27 адамның өз денелерін әдейі жарақаттағаны белгілі болды. Азатыққа бұл туралы сотталушылардың бірімен сөйлескен туысы хабарлады.

- Қазір олардың жағдайы ауыр, оларға медициналық көмек қажет. Дегенмен соңғы ақпаратқа қарағанда оларға ешқандай көмек көрсетіліп жатқан жоқ, - дейді радиомызға атын атамауды сұраған сотталушылардың бірінің анасы. Оның сөзінше сотталушылар бұған дейін колония басшылығының атына арызданған. Ешқандай нәтиже болмаған соң олар суицид жасамақ болаған.
"Бұған дейін сотталушылар түрмеде дұрыс тамақ берілмейтіндігі мен өздерін колония басшылығы ұрып соғатындығын айтып шағымданған еді."

- Бұған дейін сотталушылар түрмеде дұрыс тамақ берілмейтіндігі мен өздерін колония басшылығы ұрып соғатындығын айтып шағымданған еді. Соған байланысты облыстық прокуратурадан Бауыржан Аушахимов келді. Дегенмен ол сотталушылармен жүрді-барды сөйлесіп, барлық арыздарын жазбаша қабылдайтындығын айтқан. Бірақ арыз жазбақ болғандардың бірін түрме қызметкері прокурордың көзінше тепкінің астына алып, аяғында прокурор ешқандай шара қолданбай кетіп қалған. Енді, міне сотталушылар осындай әрекетке барып отыр, - дейді телефонмен хабарласқан ана.

БЕЙРЕСМИ АҚПАРАТ БОЙЫНША 27-НІҢ БІРІ КӨЗ ЖҰМҒАН

Біз бұл мәселеге қатысты Явленкодағы 164/4 колониясының басшылығы «телефонмен ешқандай ақпарат бермейтіндігін» мәлімдеді. Ал облыстық поркуратура баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназ Шарипова, бұл жайттан мүлдем бейхабар екендігін айтты.

Мәселенің мән-жайын Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Бибігүл Мансурова түсіндіруге тырысты.
Құқыққорғаушы Вадим Курамшин «расталмаған ақпарат бойынша денесін тілген сотталушылардың бірі көз жұмды» деп хабарлады.

- Шілденің 21-і күні түскі сағат 13.30-да облыстағы 164/4 айрықша тәртіптегі колонияның 27 сотталушысы денесін өткір затпен жарақаттады. Негізінен қарнын тіліп тастаған. Қазір оқиға орнына арнайы комиссия мүшелері мен жергілікіт ақпарат құралдары кетті. Олар колониядағы тәртіпті жеңілдетуді талап етіп отыр, - деді Азатыққа түсініктеме берген облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілі.

Оның сөзінше қазір жарақаттанған сотталушылардың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен құқыққорғаушы Вадим Курамшин «расталмаған ақпарат бойынша денесін тілген сотталушылардың бірі көз жұмды» деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG