Ол Қорғаныс министрлігінен әскери қызметкерлер үшін тұрғын үйлерді сатып алу бойынша өткізілетін тендерді тоқтата тұрып, конкурстың шарттарын қайта қарауды талап етті.
28-ші қараша күні «Баспанасыз әскерилер» ұйымының жетекшісі Дәулет Жұмабеков Тілендиев пен Төле би көшелерінің қиылысындағы «Қуат» құрылыс компаниясының құрылыс нысандарының біріндегі көтергіш кранның төбесіне шығып, жемқорлыққа қарсы наразылық танытты.