Accessibility links

Атырау облысының әкімі таңдаулыларға ғана есеп беріп жатқанда «Нұр Отан» облысты «жемқорлық ұясы» деп сынады


Облыс әкімі есеп беріп жатқан жиында камераны көлегейлеп тұрған шенеуніктің қолы. Атырау, 12 ақпан 2009 жыл.
Облыс әкімі есеп беріп жатқан жиында камераны көлегейлеп тұрған шенеуніктің қолы. Атырау, 12 ақпан 2009 жыл.

Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев жылдық есебін тек таңдаулы топқа жария етті. Оған қажетсіз сауал қоюы мүмкін дегендер қатыстырылмады. Дәл сол күні Астанада «Нұр Отан» сарапшылары Атыраудың «сыбайлас жемқорлықтың ұясы» екендігін айтып жатты.

2005 жылғы президент жарлығына сәйкес жер-жердегі әртүрлі деңгейдегі әкімдер халық алдына шығып, өткен жылдағы атқарған істері жайлы есеп беруге міндетті. Олар елмен кеңесіп, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын тағы бір тыңдап, келер жылғы жоспарын талқыға салуы тиіс. Шынымен солай ма?

«БӘЛКІМ «ҚОЛТАҢБА» АЛАРСЫЗ?»

Атырауда әкім есебі өтетін күні халық «Атырау» мәдениет сарайына таң атпастан ағылғанымен бәрі бірдей кіре алмады. Әкім есебін тыңдауға келген бірқатар журналистермен бірге Азаттық тілшісі де жиынан шеттетілді. Сапырлысқан топпен бірге ішке еніп кеткен Азаттық тілшісін сыртқа шақырып алған белгісіз біреу есік алдында жай киіммен жүрген адамдар тобына «мына кісіні кіргізбеңдер, ол
Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Оразбек Қасымов (сол жақта) облыс әкімнің тұрғындарға есеп беру жиынына тізімде жоқ адамдардың кіріп кетпеуін қадағалап тұр. Атырау, 12 ақпан 2010 жыл.
тізімде жоқ» деп бұйырып, сарайдан шығып кетуді сұрады.

Ол тілшінің суретке түсіріп жатқанын байқап «бәлкім қолтаңба аларсыз?» деп кекетіп те қойды. Осы сөзді естігендірдің кейбірі «қолтаңба» деген сөз белгілі адамдардың қаламмен жазып беретін естелігі мағынасында емес, «шапалақтың ізі қажет пе» деген емеурінді білдіргені дейді.

Кейіннен бұл адамның облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Оразбек Қасымов екені белгілі болды. Бірақ, әкімнің есебін «бөгде» адамдардан қорғап жүрген бұл топтың ешқайсысы да құжаттарын көрсеткен жоқ. «Сіз кім боласыз?» деген сұраққа жауап та бермей, «құжатымыз жоқ, машинамызда» қалды десті.

«ЫҢҒАЙСЫЗ САУАЛ ҚОЮЫ МҮМКІН»

Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Әсия Қыстаубаева тәуелсіз БАҚ өкілдері кешігіп қалғандықтан ғана әкім есебіне кіргізілмеді, әйтпесе оларды қатыстырмау жайлы арнаулы нұсқау болған емес дейді.

Әсия Қыстаубаеваның айтуынша әкім есеп беретін жиынға кіретін журналистер тізімін жасау оның құзіретіне кірмейді әрі оның мұндай ұсақ-түйекпен айналысатын уақыты да жоқ. Сондықтан ол бұл шаруаны орынбасарларына сеніп тапсырған.

- Маған Азаттық тілшісі туралы Оразбек Қасымов «залда орын болмағандықтан өзі шығып кетті, журналистер отыратын жерге барудан бас тартты» деп түсіндірген. Бірақ ол кісі сенбіден бері ауырып жатыр. Мен мұны анықтаймын, - деді Әсия Қыстаубаева.
Облыс әкімі есеп беріп жатқан жиынға тізімде жоқ адамдарды кіргізбей, конференц-залдың есігінде күзетте тұрған адам. Атырау, 12 ақпан 2010 жыл.

Алайда оппозициялық тәуелсіз газет редакторы Жұмабай Доспанов мұндай жиындарға тәуелсіз басылымдардың қатысуынан атқарушы билік сескенеді деп санайды.

- Мені әкім Бергей Рысқалиевтің есебіне ешкім шақырған жоқ. Бұл түсінікті де. Шенеуніктердің тәуелсіз журналистерден ыңғайсыз сауал қоюуы мүмкін деп қорқатынын да білемін. Сондықтан олардың әкіммен жүздесуіне барынша кедергі келтіруге тырысады, - дейді Жұмабай Доспанов.

АСТАНАДА АТЫРАУДЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛАҒАНЫ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛДЫ

Осылайша Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев өткен жылғы жетістіктерін тізбелеп жатқанда, Астанада жиналған «Нұр Отан» партиясының өкілдері облысты «жемқорлық жайлаған аймақ» деп талқыға салып жатты.

«Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов атыраулық шенеуніктерді мемлекет қаржысын талан-таражыға салып отыр деп кіналады.

- 250 мың ғана адам тұратын Атырау қаласына 5 көпір салу халыққа жағдай туғызу үшін емес, ақша жасау үшін жасалған.Ал Махамбет ауданында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес тұрғызылған «Шұғыла» коттедждік поселкесі сапасыздығы салдарынан ешкімге керексіз болып отыр, - деп мәлімдеді ол.
Облыс әкімі есеп беріп жатқан жиынға кіре алмаған көп адам сыртта қалды. Атырау, 12 ақпан 2010 жыл.


Ал осы жиында сөз алған мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева «облыстағы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жемқорлық 36,6 пайызға артқан. Бұрын әлеуметтік сала мамандары, яғни дәрігерлер немесе мұғалімдер көбірек пара алады деп саналса, ендігі пара алатындардың басым бөлігін әкімдер, атқарушы билік органдары қызметкерлері құрап отыр» деп атап көрсетті.

Сондай-ақ депутат А.Соловьеваның айтуынша Атырау облысына жасалған алдын-ала зертеу қорытындысы бойынша жемқорлығы үшін қылмыстық жауапқа тартылған Әділет департаментінің бастығын қызметінен босату жөнінде нақты ұсыныс жасалып отыр.

Атырау облысының әкімі есеп беріп жатқандықтан «Нұр Отанның» алдында жауап беруге барған әкімнің орынбасары Болат Дәукенов әкімшілік атына айтылған сынды барынша жоққа шығаруға тырысты.

- Облыстағы жемқорлық көрсеткіші 2,6 пайызға азайды. Ал кейбір жайттар әкімшілік қызметкерлерінің жіберген қателігі салдарынан орын алған,-деп түсіндірді ол.

Алайда «Нұр Отан» партиясының таратқан баспасөз мәлімдемесінде Атырау облысындағы 2009 жылы 116 жемқорлық қылымыстың 97-сін мемлекеттік қызметкерлер мен тұлғалар жасағаны баяндалған. Жемқорлығы үшін 71 адам жазаға қылмыстық тартылған.

АЛЫС АУЫЛДАН КЕЛГЕН ЕКІ ЗЕЙНЕТКЕР ДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІНЕ ҚАТЫСА АЛМАҒАНДАРЫНА РЕНІШТІ

Азаттық тілшісіне телефон шалған Мақат ауданындағы Комсомол кентінің тұрғыны Нұри Нұржанов та өзінің облыс әкімінің есебіне дейін болған аудан әкімінің баяндамасын тыңдауға қатыстырлмағанын айтып, қынжылыс білдірді.

Нұри қарт Мақат ауданының әкімі Сырым Рысқалиевтың есебіне қатысу үшін ауылдағы тағы бір зейнеткер Төре Жұмағалиевпен бірге алыстан ат арылтып барса да кіре алмағанын айтады.

Комсомол мен Мақаттың арасы біраз жер. Мақатқа не поезбен, не такси жалдап баруға тура келеді. Ал бұл қыстың қақаған аязында қарт адамдар үшін үлкен тауқымет. Жол шығыны да зейнетақыға қараған қарияларға қомақты қаражат.
Комсомол ауылындағы тұрғын үйлер. Атырау облысының Мақат ауданы. Тамыз, 2009 жыл.

- Аудан әкімінің жылдық баяндамасын тыңдауға ауылдағы соғыс және еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы әрі Мақат ауданының құрметті азаматы ретінде арнайы шақырту алған едім. Сонша жол жүріп келгенімізде «бізді орын жоқ»деп кіргізбеді. Жиын аяқталған соң әкіммен сөйлеспек болып, аудандық мәдениет үйінің кіре берісін торып тұрсақ, Сырым Рысқалиев сарайдың артқы есігінен шығып кетіпті, - деп налиды Нұри қарт.

Алайда қарт мұнайшы Нұри Нұржанов аудан әкімін кеңсесінен іздеп тауып, реншін айтқан екен. Оған Сырым Рысқалиев «бос орын болмай қалған ғой» деп жайбарақат жауап беріпті.

Бірақ Нұри Нұржанов өзін әкім есебіне әдейі кіргізбеді деп санайды. Өйткені, мен міндетті түрде Комсомол ауылын газдандырылуға бөлінген 134 миллион 750 мың теңгенің қайда екендігін сұрайтын едім дейді зейнеткер қария.
XS
SM
MD
LG