ПРОВАЙДЕРЛЕР ҚЫЗМЕТ БАҒАСЫН ӨСІРУГЕ МӘЖБҮР БОЛАТЫНДАРЫН АЙТАДЫ
Әу бастан Қазақстанда интернетті бақылау туралы заңға қарсы болған ұйымдардың бірі Алматыдағы «MediaNet» журналистика орталығының жетекшісі Әділ Жәлиловтің айтуынша, олар провайдерлер мен сайт иелерінің заңға қатысты ұстанымдарын білмек оймен тәуелсіз сарапшы және интернет кеңістікке мүлдем қатысы жоқ адамдарды жалдап, арнайы сауалнама жүргізген.
Сауалнамаға қатысқан провайдерлердің 95 пайызы және сайт иелерінің 68 пайызы заң жобасы талқыға түскен кезде билік тарапынан олардың пікіріне ешкім қызығушылық танытпаған.
«Егер заң күшіне енсе, онда ол провайдерлерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Соның ішінде, заңға сәйкес, әр провайдер өзінің клиенттері мен қолданушылары туралы мәліметті кемінде екі ай сақтауға міндетті. Ал, сайт иелері болса, сайтта жарықа көрген әрбір сөз үшін жауап беретін болады. Мұның бәрі көп шығынды талап етеді. Міне, осыдан келіп, провайдерлер бағаның 10 пайызға өсетінін айтып отыр. Алайда, баға мұнымен тоқтамай тағы да өсе түсуі әбден мүмкін».
Сауалнманаға 44 сайт иелері мен 20 интернет провайдерлер қатысқан. Интернетті бақылау туралы заң бойынша, интернет құралдардың барлығы БАҚ-мен теңестірілген. Бұған 20 интернет провайдердің 16-сы қарсы екендіктерін айтса, 44 сайт иелерінің 34-і қарсылық білдірген.
ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНСЕ, ЖЕКЕ БЛОГТАРДЫҢ САНЫ КЕМУІ ЫҚТИМАЛ
Кәмшат Тасболатова интернетті жиі пайдаланушылардың бірі. Ол интернетті бақылайтын заңға қарсы. Кәмшаттың ойынша, бұл заң онсыз да баяу дамып келе жатқан Қазақстанның интернет кеңістігін тіпті де кенжелетіп тастайды.
Әрі kz доменін пайдаланушылардың басым көпшілігі көршілес Ресейдің ru доменіне тәуелді болып шыға келмек. Кәмшат Тасболатова блогшы ретінде өз пікірін былайша жеткізді:
«Блог заң күшіне енген жағдайда БАҚ-ымен теңестіріледі. Сөйтіп, мен қолданыстағы БАҚ туралы заң бойынша, блогымның салығын төлеп, тіркеуін жасатуым қажет. Бұл маған тиімсіз. Сондықтан жалғыз блог үшін салық төлеп, тіркетіп жүргенше, оны жауып тастаймын».
«РАХАТ ӘЛИЕВТІҢ САЙТТАРЫ – ИНТЕРНЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ҚАТАЙТУДЫҢ БІР СЕБЕБІ»
24 маусым күні Қазақстан парламенті ақпараттық-коммуникациялық желілерге қатысты заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдап, қол қоюға президентке жолдаған болатын.
Саясаттанушы Айдос Сарым бұл заң жобасының дүниеге келуінің өзіндік себебі бар деп санайды.
«Бұл заң жобасының шығуы екі-үш сайтқа ғана байланысты. Рахат Әлиевтің немесе жемқорлыққа қарсы үлкен ақпарат таратып жатқан бірнеше сайттарға қарсы жұмыс жасаудың бір тетігі. Қалған интернет құралдарында мемлекеттің шаруасы да жоқ, олармен айналысатын құлқы да жоқ», – дейді Айдос Сарым.
«ЕРКІН ИНТЕРНЕТ ҮШІН» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ПОЛИЦИЯМЕН СОТТАСЫП ЖАТЫР
Шілденің 2-і күні №2 Алмалы аудандық сотында «Еркін интернет үшін» қозғалысы өкілдерінің Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының үстінен жасаған шағымы бойынша сот отырысы болып өтті.
24 сәуір күні Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық медиа-форумның екінші күні «Анкара» қонақ үйіне жақын Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында Жанна Байтелова, Жанар Қасымбекова, Әбен Әбдірасылова және Ринат Кибраев төртеуін полиция ұстаған. Полиция бөлімінде 3 сағат ұстағаннан кейін оларды босатып жіберген.
Қозғалыс белсенділері интернеттеті еркіндік тақырыбына флешмоб өткізбек болғанын айтады.
Жоғарыдағы шағымға байланысты сот шешімі шілденің 3-і күні белгілі болмақ.
«Еркін интернет үшін» қозғалысы өкілдерінің бірі Жанна Байтелова сот шешімі Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының пайдасына шешілсе, сот шешіміне байланысты қайтара шағым түсіретінін айтып отыр.
Әу бастан Қазақстанда интернетті бақылау туралы заңға қарсы болған ұйымдардың бірі Алматыдағы «MediaNet» журналистика орталығының жетекшісі Әділ Жәлиловтің айтуынша, олар провайдерлер мен сайт иелерінің заңға қатысты ұстанымдарын білмек оймен тәуелсіз сарапшы және интернет кеңістікке мүлдем қатысы жоқ адамдарды жалдап, арнайы сауалнама жүргізген.
Сауалнамаға қатысқан провайдерлердің 95 пайызы және сайт иелерінің 68 пайызы заң жобасы талқыға түскен кезде билік тарапынан олардың пікіріне ешкім қызығушылық танытпаған.
Наразылық акциясына шыққан журналистердің қолындағы карикатурада даулы заң жобасын әзірлеген Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттіктің төрағасы Қуанышбек Есекеев бейнеленген. Алматы, 24 маусым 2009 ж.
Ал, интернетті қолдану бағасының өсуі жайлы «MediaNet» журналистика орталығының жетекшісі Әділ Жәлилов Азаттық радиосына берген сұхбатында былай деді:«Егер заң күшіне енсе, онда ол провайдерлерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Соның ішінде, заңға сәйкес, әр провайдер өзінің клиенттері мен қолданушылары туралы мәліметті кемінде екі ай сақтауға міндетті. Ал, сайт иелері болса, сайтта жарықа көрген әрбір сөз үшін жауап беретін болады. Мұның бәрі көп шығынды талап етеді. Міне, осыдан келіп, провайдерлер бағаның 10 пайызға өсетінін айтып отыр. Алайда, баға мұнымен тоқтамай тағы да өсе түсуі әбден мүмкін».
Сауалнманаға 44 сайт иелері мен 20 интернет провайдерлер қатысқан. Интернетті бақылау туралы заң бойынша, интернет құралдардың барлығы БАҚ-мен теңестірілген. Бұған 20 интернет провайдердің 16-сы қарсы екендіктерін айтса, 44 сайт иелерінің 34-і қарсылық білдірген.
ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНСЕ, ЖЕКЕ БЛОГТАРДЫҢ САНЫ КЕМУІ ЫҚТИМАЛ
Кәмшат Тасболатова интернетті жиі пайдаланушылардың бірі. Ол интернетті бақылайтын заңға қарсы. Кәмшаттың ойынша, бұл заң онсыз да баяу дамып келе жатқан Қазақстанның интернет кеңістігін тіпті де кенжелетіп тастайды.
Әрі kz доменін пайдаланушылардың басым көпшілігі көршілес Ресейдің ru доменіне тәуелді болып шыға келмек. Кәмшат Тасболатова блогшы ретінде өз пікірін былайша жеткізді:
«Блог заң күшіне енген жағдайда БАҚ-ымен теңестіріледі. Сөйтіп, мен қолданыстағы БАҚ туралы заң бойынша, блогымның салығын төлеп, тіркеуін жасатуым қажет. Бұл маған тиімсіз. Сондықтан жалғыз блог үшін салық төлеп, тіркетіп жүргенше, оны жауып тастаймын».
«РАХАТ ӘЛИЕВТІҢ САЙТТАРЫ – ИНТЕРНЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ҚАТАЙТУДЫҢ БІР СЕБЕБІ»
24 маусым күні Қазақстан парламенті ақпараттық-коммуникациялық желілерге қатысты заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдап, қол қоюға президентке жолдаған болатын.
Саясаттанушы Айдос Сарым бұл заң жобасының дүниеге келуінің өзіндік себебі бар деп санайды.
«Бұл заң жобасының шығуы екі-үш сайтқа ғана байланысты. Рахат Әлиевтің немесе жемқорлыққа қарсы үлкен ақпарат таратып жатқан бірнеше сайттарға қарсы жұмыс жасаудың бір тетігі. Қалған интернет құралдарында мемлекеттің шаруасы да жоқ, олармен айналысатын құлқы да жоқ», – дейді Айдос Сарым.
«ЕРКІН ИНТЕРНЕТ ҮШІН» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ПОЛИЦИЯМЕН СОТТАСЫП ЖАТЫР
Шілденің 2-і күні №2 Алмалы аудандық сотында «Еркін интернет үшін» қозғалысы өкілдерінің Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының үстінен жасаған шағымы бойынша сот отырысы болып өтті.
«Еркін интернет үшін» қозғалысының өкілдері интернетке бақылау жасайтын даулы заң жобасына кезекті наразылық шарасын өткізуге жиналды. Алматы, 29 сәуір 2009 ж.
«Еркін интернет үшін» қозғалысы өкілдерінің бірі Жанна Байтелованың сөзіне қарағанда, сот отырысына куәгер ретінде келген полиция қызметкерлерінің сөзі әрі оқиға болған кезде толтырылған құжаттардағы деректерге куәгерлердің сөзі үйлеспеген.24 сәуір күні Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық медиа-форумның екінші күні «Анкара» қонақ үйіне жақын Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында Жанна Байтелова, Жанар Қасымбекова, Әбен Әбдірасылова және Ринат Кибраев төртеуін полиция ұстаған. Полиция бөлімінде 3 сағат ұстағаннан кейін оларды босатып жіберген.