Биылғы жылы республикалық бюджеттен бес миллиард теңгеден астам субсидия бөлінген. Мұның сыртында “Продкорпорация” акционерлік қоғамы мен “Казагро” акционерлік қоғамы көктемгі егіс және орақ маусымына 21,5 миллиард теңге несие берген екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жеті есе көп.
Өткен жылы облыс 2,2 миллион тонна астықты экспортқа шығарған болатын. Оның республикалық көрсеткіштегі үлесі 40 пайыздан асады. Облыс ауыл шаруашылығы саласында бұл күндері 36 жобаны жүзеге асырып жатыр. Оған есептелген қаржы көлемі 26,3 миллиард теңге.
2009 жылы 4 миллион 264 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар себілді. Соның ішінде бидайдың үлес салмағы төрт миллионға жуық. Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бағитұр Дәндібаевтың сөзіне қарағанда, облыс шаруашылықтары пайдаланылатын минералдық тыңайтқыштар көлемін жыл сайын арттырып келеді.
«Биылғы болашақ егін өнімі үшін 41 мың тоннадан астам тыңайтқыш сіңірілген. Бір атап өтетін жай, дәнді дақылдардың тоқсан пайызға жуығы ылғал сақтау технологиясымен себілді. 500 мың гектардан астам алқап гербициттермен өңделді», – дейді Бағитұр Дәндібаев.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының бастығы Болат Мейірманов көктемгі бақылау зерттеу жұмыстары қар кетісімен және топырақ құрғай бастағанда атқарылғанын айтып, соның нәтижесінде зиянкестердің зардабының алдын алу шаралары тиімді жүргізілді дейді.
Шегірткеге қарсы қолданылатын геркулес, имидор және адонис секілд дәрілерді алуға республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлінген. Қазақстананның солтүстік және батыс аймақтарында итальян шегірткесінің қаупі болғаны белгілі. Оларға қарсы Қытай Халық Республикасының Чина Крап Кеминал Протекши Компании ЛТД компаниясы және Қазақстанның “Агрохимия” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын дәрілер қолданылған.
«Химиялық өңдеу жұмыстарында жаңа техника көмекке келді. Қорғаныс шараларында тракторға тіркелген дәрі бүріккіштермен қатар АН-2 ұшақтары, дельтепландар және аэрозолдық генераторлар пайдаланылды», - дейді осы инспекцияның бөлім бастығы Людмила Ивановна Китайчук.
Оның сөзіне жүгінсек, өткен жылы Қостанай облысының Ақтөбе облысымен шекетесетін өңірінде шегірткелер ұясы көп болған. Бір ұяшықта қырықтан астам жұмыртқа болған. Биылғы жылы олардың ұялары облыстағы Жанкелдин, Аманкелді, Науырзым, Алтынсарин аудандарында кездескен. Мамандардың пікіріне сүйенсек, химиялық өңдеуден кейін олардан қауіп жоқ көрінеді. Ал биылғы жылдың маусым айының аяғында көршілес Ақтөбе облысында Азия шегірткесі пайда болды деген деректер бар. Бұл туралы ресми орындар хабарлаған.
Алайда, қаржы тапшылығынан зардап шеккен фермерлер де жоқ емес. Олар барлық шараларды жасап үлгірмегені де анық. Атын атауды жөн көрмеген диқандардың бірі биылғы ыстық күнде шегіртке жорығының қаупі әлі де жойылған жоқ деген пікірде.
«ҚР Ауыл шаруашылығы миниистрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті 2009 жылы аса кауіпті организмдерге қарсы мониторинг жүргізуге жана қорғау шараларын жасауға басшылыққа алу үшін арнайы шығарған кітапшада айтылған ақыл-кеңестер диқандарға өте пайдалы екені сөзсіз. Бірақ, қысқа жіп күрмеуге келмейді, Сондықтан онда айтылған алдын алу шараларын түгел жүзеге асыру мүмкін емес», - дейді тағы бір шаруашылық басшысы.
Дегенмен, үйірлі шегіртке қаупінің ауылы әлі алыс секілді. Өйткені, облыстың шалғайдағы Жанкелдин, Аманкелді секілді аудандарындағы бірен-саран қобалжулар болмаса, қалған аудандарда шегіртке дабылы әлі естіле қойған жоқ.
Елде болса ерінге тиеді дегендей, диқандар биылғы жылы да мол өнім жинаудан үмітті.